10 қазанда өтетін Қазақстандағы маңызды оқиғаларға шолу

АСТАНА. ҚазАқпарат - «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі 10 қазан күні өтетін Қазақстандағы маңызды оқиғаларға шолуды ұсынады.
None
None

Сейсенбі күні, 10 қазанда, сағат 10.00-де Үкімет үйінде ҚР Үкіметі отырысы өтеді.

Күн тәртібінде - ҚР денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасының іске асырылу барысы, әлеуметтік көмек және халықты жұмыспен қамту саласындағы жаңғырту, Астана қаласының азық-түлік белдеуін қалыптастыру жөніндегі кешенді жоспар және цифрлық экономикаға мамандарды даярлау және қайта даярлау мәселесі қаралады.

Отырыс қорытындысы бойынша ҚР Үкіметінің баспасөз орталығында денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың қатысуымен баспасөз конференциясы өтеді.

Соңғы жаңалықтар