10 магистрантқа Назарбаев стипендиясы тағайындалды

АСТАНА. 3 тамыз. ҚазАқпарат - Астанада ҚР Білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағұловтың басшылығымен Назарбаев стипендиясын тағайындау үшін магистранттарды іріктеу бойынша конкурстық комиссияның отырысы өтті, деп хабарлайды ҚР БҒМ баспасөз қызметі.
None
None

Назарбаев стипендиясы Ұлттық ғылым академиясының толық мүшесінің өмірлік ай сайынғы стипендиясы есебінен қалыптастырылады және әрқайсысына 6 айлық есептік көрсеткіш көлеміндегі он стипендия мөлшерінде белгіленеді.

Назарбаев стипендиясы жоғары оқу орындарының күндізгі оқу бөлімінің екінші курсында оқитын, ғылыми-зерттеу жұмысымен айналысатын, барлық оқу кезеңінде үлгерімі үздік бағаларға ие,  оқу орнының қоғамдық өміріне белсене араласатын магистранттарға тағайындалады.

Назарбаев стипендиясын тағайындауға ұлттық жоғарғы оқу орындарынан 28 кандидатура ұсынылды.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрілігі комиссиясы талабымен конкурстан 10 магистрант өтті.

Соңғы жаңалықтар