10 мамыр күні Астанада өтетін маңызды шаралар аңдатпасы
АСТАНА. KAZINFORM — Kazinform халықаралық ақпарат агенттігі 10 мамыр күні елордада өтетін мәдени және қоғамдық маңызды іс-шаралар аңдатпасын ұсынады.

АСТАНА
10:00-де Үкімет үйінде Үкімет отырысы өтеді.
Күн тәртібінде:
- Жылыту маусымының қорытындысы мен келесі жылыту маусымына дайындық;
- Егін егу науқанының барысы.
Отырыс қорытындысы бойынша Үкіметтің Баспасөз орталығында энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев пен ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаровтың қатысуымен баспасөз конференциясы өтеді.
10:00-де Нидерланд Патшалығының Премьер-Министрі М.Рютте, ҚР Көлік министрі Марат Қарабаев, Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров, Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова сондай-ақ бірқатар квазимемлекеттік және жекеменшік компания басшыларының қатысуымен екі жақты құжаттарға қол қою рәсімі өтеді.
11:00-де Әділет министрлігінің ресми өкілі Талғат Уәли заң органдары атқарған жұмыстарымен таныстырады әрі журналистердің маңызды сұрақтарына жауап береді.
13:00-де Нидерланд Патшалығының Премьер-Министрі М.Рюттенің Қазақстанға ресми сапары аясында Пушкин және Абылайхан көшелерінің қиылысында Амстердам алаңының ашылу салтанаты өтеді.