10 маусым. ҚазАқпарат күнтізбесі

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Оқырман назарына 10 маусымға арналған атаулы күндер, есте қалар оқиғалар күнтізбесін ұсынылады.

АТАУЛЫ КҮНДЕР

Бүкіләлемдік модерн күні

Өнер мен сәулет өнеріндегі модерн стиліне арналған жыл сайынғы мереке. Бірінші Дүниежүзілік модерн күні 2013 жылы 7 маусымда Будапешттегі қолданбалы өнер мұражайының бастамасымен, Szecessziós Magazin қолдауымен атап өтілген. Мереке күні кездейсоқ таңдалған жоқ: бұдан 12 жыл бұрын осы күні сәулет өнерінің заманауи дамуына үлкен үлес қосқан екі көрнекті сәулетші қайтыс болды, олар венгриялық Эден Лехнер және испандық Антонио Гауди.

Халықаралық геральдика күні

Елтаңбалар және олармен байланысты барлық нәрселерді зерттейтін тарихи пәнге арналған күн. Кәсіби геральдистер мен геральдика әуесқойларының басын біріктіретін бұл мереке алғаш рет 2013 жылы аталып өтілді. 1128 жылы осы күні Англия королі Генрих I Боклерк өзінің болашақ күйеу баласы Джеффрой V Платагенетаны рыцарь етіп, оған көк түсте алты алтын арыстанның бейнесі бар қалқан сыйлаған. Геральдика саласындағы кейбір сарапшылар бұл қалқанды тарихтағы алғашқы толыққанды елтаңбалардың бірі деп санаса, кейбіреулері бұл теорияға күмән келтіреді.

ЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР

1934 жылы Алматыда халық өнері өкілдерінің бірінші бүкілқазақстандық слеті өтті. Маусымның 15-іне дейін жалғасқан слетке Жамбыл, Кенен, Үмбетәлі секілді ақындар қатысты.

1996 жылы Қазақстан Республикасының «Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы» Заңы қабылданды.

1998 жылы Қазақстан Республикасының жаңа астанасын ресми таныстыруға арналған салтанатты мәжіліс өтті. Бұл күн - 2006 жылға дейін астананың туған күні ретінде атап өтіліп келді. 2006 жылдан бастап елорда күні 6 шілдеде мерекеленеді. Еске салайық, 1994 жылы ҚР Парламенті отырысында Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның астанасын Алматыдан Ақмолаға көшіру туралы ұсыныс жасады. 1997 жылы 20 қазанда астананы ауыстыру туралы Жарлыққа қол қойды. 1998 жылы 6 мамырда Ақмола қаласының атауы Астана болып өзгерді.

1998 жылы ҚР Президент Астанада Отан қорғаушылар монументінің іргетасын қалады. Монументтің ресми ашылуы 2001 жылдың 9 мамыр күні өтті.

2004 жылы ҚР Ұлттық академиялық кітапханасының ресми ашылуы өтті. Астана қаласындағы Қазақстан Республикасының ұлттық академиялық кітапханасы ҚР Үкіметінің 2004 жылғы 23 сәуіріндегі № 461 қаулысымен құрылды. Басты мақсат - елорданың ақпараттық, білім беру және мәдени-ағартушылық инфрақұрылымын одан әрі дамыту.

2005 жылы Астанада Қазақ ұлттық музыка академиясында орган залының ашылу салтанаты өтті.

2010 жылы Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданында «Есік» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі ашылды.

2011 жылы Халықаралық көрме бюросының Париждегі штаб-пәтерінде ҚР Сыртқы істер министрлігінің Жауапты хатшысы, Астана кандидатурасын ұсыну бойынша ұлттық үйлестіруші Рәпіл Жошыбаев 2017 жылы ЕХРО халықаралық мамандандырылған көрмесін Астана қаласында өткізу туралы өтінім берді.

2015 жылы Астанада Бiрiккен Ұлттар Ұйымы өкілдігінің жаңа ғимараты ашылды. Ашылу салтанатына БҰҰ Бас хатшысы Пан Ги Мун мен ҚР Сыртқы iстер министрi Ерлан Ыдырысов қатысты. БҰҰ-ның 8 мекемесі орналасатын алты қабатты ғимарат елордадағы Әлихан Бөкейхан көшесінде орналасқан.

2015 жылы Парижде ЮНЕСКО-ның «Адам және биосфера» бағдарламасының Халықаралық үйлестіру кеңесінің отырысы өтті. Нәтижесінде биосфералық қорықтардың дүниежүзілік тізіміне Ақсу-Жабағылы (Қазақстан) қорығы енген болатын. 2017 жылы Астанада Люксембург Ұлы Герцогтігі консулдығының салтанатты түрде ашылу рәсімі өтті.

2017 жылы Италия Республикасының Тәуелсіздік күнінде қазақстандық опера әншісі Батыржан Смақов Фано қаласындағы «Театро делла Фортуна» тарихи театрында жеке концертін берді.

2017 жылы Қазақстан астанасында Люксембург Ұлы Герцогтігі консулдығының салтанатты ашылу рәсімі өтті. Құрметті консулдық Қазақстан Республикасы мен Люксембург Ұлы Герцогтігі арасындағы екіжақты қарым-қатынасқа 25 жыл толуына орай ашылды.

2017 жылы «Қолжазбалар мен сирек кітаптар ұлттық орталығының» салтанатты ашылуы өтті. Оның негізгі міндеті – Қазақстан Республикасы Ұлттық мұрағат қорының жазба дереккөздерін (көшірмелерін) (қолжазбалар мен сирек кітаптарды) анықтау, жинақтау, толықтыру. Қазақстан Республикасының аумағында және одан тыс жерлерде сақталатын Қазақстан тарихы мен мәдениетіне қатысты дереккөздердің сақталуы мен пайдаланылуын қамтамасыз ету.

2018 жылы Германияның Берлин қаласында паражүзуден әлем кубогы өтті. Сайысқа 55 елден 700-ден астам спортшы қатысты. Онда Қазақстан құрама командасы 13 алтын, 9 күміс және 15 қола медаль жеңіп алды.

2021 жылы Кембридж университетінде 20 ғасыр басындағы Орталық Азия тарихына арналған конференция өтті. Ондағы негізгі тақырыптың бірі – Алаш Орданың жетістіктері мен мұрасы. Іс-шара барысында Хоккайдо университетінің профессоры, ХІХ ғасырдан кеңестік кезеңнің басына дейінгі қазақ зиялыларының тарихымен айналысатын Томохико Уяма Алаш Орда тарихына қысқаша экскурсия жасады. Ол Алаш қозғалысына қатысушылардың 1917 жылғы төңкеріс кезінде және одан кейін ғана емес, кейінгі кеңестік кезеңде де ықпалы туралы айтты.

«Сталиндік қуғын-сүргіннен кейін және қайта құруға дейін Алаш Орда Қазақстан тарихынан іс жүзінде жойылып, оның белсенділерінің көптеген еңбектеріне тыйым салынды. Дегенмен, 20-жылдардағы қазақ коммунистері бұрынғы алашордалықтардан көп нәрсе үйреніп, қазақ мемлекеттілігін, мәдениетін, қоғамын дамытуға деген ұмтылыстарымен бөліскенін естен шығармағанымыз жөн», – деді профессор.


Соңғы жаңалықтар
telegram