10 мың адамға дейін намаз оқи алатын «Әзірет Сұлтан» мешіті алдағы ораза айына тамаша тарту болды - Елбасы

None
None
АСТАНА.  6 шілде. ҚазАқпарат -  Астанадағы «Әзірет Сұлтан» мешіті алдағы ораза айына тамаша тарту болды.

Бүгін Астанада қасиетті жұмаға орайлас, қала күнін мерекелеу шарасы аясында «Әзірет Сұлтан» мешітінің ашылу салтанатына қатысып сөз сөйлеген Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев осылай мәлім етті.

«Мешіттің Тәуелсіздік даңғылында, Бейбітшілік пен келісім сарайы және Тәуелсіздік сарайы ортасында орналасуының өз мәні бар. Бүгінгі оқиға еліміздегі имандылыққа бет бұрған жамағаттың көбейгендігінің айғағы. Адамгершілікке шақырып, ізгілікке үндейтін мешіт санының артуы дінмен бірге қоғамның да деңгейін аңғартады. Сондықтан да, асыл дінімізге қолдау көрсету - елдік парызымыз. Ал, еліміздегі ең үлкен мешіт болып саналатын, айт және ораза намаздарында 10 мың адамға дейін намаз оқи алатын мешіт енді 2 апта қалған ораза айына тамаша тарту болды. Қуаныштарыңызды ұзағынан сүйіндірсін», -деді Елбасы.

Соңғы жаңалықтар