10 наурызда республика жолдарындағы ахуал қандай
АЛМАТЫ. KAZINFORM – «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы елдегі жолдардың қазіргі ахуалы туралы хабарлады.
Қолайсыз ауа райына байланысты республикалық маңызы бар келесі автожол учаскелерінде көлік қозғалысы шектелді:
Ақтөбе облысы
• «Қостанай – Рудный – Денисовка – Комсомольское – Қарабұтақ» автожолы 5-234-шақырым аралығы (Қарабұтақ кенті — Қостанай облысының шекарасы);
• «Қандыағаш – Ембі – Шалқар – Ырғыз» автожолы 3-92-шақырым аралығы (Қандыағаш – Ембі);
• «Қандыағаш – Ембі – Шалқар – Ырғыз» автожолы 92-389-шақырым аралығы (Ембі — Ырғыз ауылы);
• «Ақтөбе – Қандыағаш – Доссор – Атырау – РФ шекарасы» 104-337-шақырым аралығы (Қандыағаш — Атырау облысының шекарасы);
• «РФ шекарасы – Мәртөк – Ақтөбе – Қарабұтақ – Қызылорда – Шымкент – Тараз – Қордай – Алматы – Қорғас – ҚХР шекарасы» 776-965-шақырым аралығы (Ақтөбе – Қарабұтақ);
• Осы жолдың 965-1240-шақырым аралығы (Қарабұтақ – Қызылорда облысының шекарасы).
Қызылорда облысы
• «РФ шекарасы – Мәртөк – Ақтөбе – Қарабұтақ – Қызылорда – Шымкент – Тараз – Қордай – Алматы – Қорғас – ҚХР шекарасы», 1240-1362-шақырым аралығы (Ақтөбе облысының шекарасы — Арал қаласы);
• Осы жолдың 1362-1806-шақырым аралығы (Арал – Қызылорда қаласы);
• Осы жолдың 1806-2055-шақырым аралығы (Қызылорда – Түркістан облысының шекарасы);
• «Қызылорда – Жезқазған – Қарағанды – Шідерті» 12-216-шақырым аралығы (Қызылорда – Ұлытау облысының шекарасы).
Ұлытау облысы
• «Қызылорда – Жезқазған – Қарағанды – Шідерті» 216-424-шақырым аралығы (Қызылорда облысының шекарасы – Жезқазған);
• Осы жолдың 433-750-шақырым аралығы (Жезқазған — Жаңаарқа);
• «Жезқазған – Арқалық – Петропавл» 64-137-шақырым аралығы (Жезды — Ұлытау ауылы).
Жамбыл облысы
• «РФ шекарасы – Мәртөк – Ақтөбе – Қарабұтақ – Қызылорда – Шымкент – Тараз – Қордай – Алматы – Қорғас – ҚХР шекарасы» 534-593-шақырым аралығы (Айша-бибі ауылы – Түркістан облысының шекарасы).
Түркістан облысы
• Осы жолдың 593-654-шақырым аралығы (Жамбыл облысының шекарасы – Машат кенті);
• Осы жолдың 2055-2095-шақырым аралығы (Қызылорда облысының шекарасы – Түркістан қаласы).
Батыс Қазақстан облысы
• «Ақтөбе – Орал – РФ шекарасы» 393-526-шақырым аралығы (Жымпиты – Ақтөбе облысының шекарасы).
Атырау облысы
• «Ақтөбе – Қандыағаш – Доссор – Атырау – РФ шекарасы» 337-346-шақырым аралығы (Ақтөбе облысының шекарасы – Сағыз кенті).
Қостанай облысы
• «Қостанай – Рудный – Денисовка – Комсомольское – Қарабұтақ» 234-385-шақырым аралығы (Ақтөбе облысының шекарасы – Денисовка);
• «Қостанай – Әулиекөл – Сұрған» 218-232-шақырым аралығы (Октябрьский – Ақмола облысының шекарасы);
• «Жезқазған – Арқалық – Петропавл» 340-377-шақырым аралығы (Арқалық — Ақмола облысының шекарасы).
Ақмола облысы
• «Жезқазған – Арқалық – Петропавл» 377-595-шақырым аралығы (Қостанай облысының шекарасы – СҚО шекарасы);
• «Қостанай – Әулиекөл – Сұрған» 232-260-шақырым аралығы (Қостанай облысының шекарасы – Сұрған кенті);
• «Көкшетау – Атбасар» 105–184-шақырым аралығы (Балкашино — Атбасар);
• «Астана – Атбасар – Жақсы – Рузаевка – Сарыкөл – Қостанай – РФ шекарасы» 135-257-шақырым аралығы (Астраханка – Атбасар);
• «Жақсы – Есіл – Бұзылық» 0-82-шақырым аралығы (Жақсы – Бұзылық).
Солтүстік Қазақстан облысы
• «Жезқазған – Арқалық – Петропавл» 595-624-шақырым аралығы (Ақмола облысының шекарасы – Дружба ауылы).
Павлодар облысы
• «Астана – Шідерті – Павлодар – Успенка – РФ шекарасы» автожолындағы «Қалқаман» жолайрығы учаскесінде (Қалқаман кентіне кіреберіс пен Астана бағытына шығар жол) қозғалыс шектелген.
Еске салайық, бұған дейін синоптиктер 10 наурызда елдің бірнеше өңірінде ауа райы күрт суытатынын ескерткен еді.