10 сәуір күні Қазақстанда болатын маңызды оқиғаларға шолу

АСТАНА. ҚазАқпарат - «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі 10 сәуір күні болатын маңызды оқиғаларға шолу жасайды.

10 сәуір күні Қазақстанда болатын маңызды оқиғаларға шолу

АСТАНА

Сағат 9:30-да «ҚТЖ» ҰК» АҚ ғимаратында «Қазақстанның теміржол, автомобиль, әуе және су көлігі саласы жұмысшыларының кәсіпқойлар одағы» ҚБ бастауыш ұйымы өкілдерінің форумы өтеді.

Сағат 9:30-да The Ritz Carlton қонақүйінде «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасын іске асыру мақсатында бизнес пен мемлекеттік ынтымақтастықты орнату тақырыбында конференция өтеді.

Сағат 10:00-де Үкімет үйінде мемлекеттік-жекешелік әріптестік, жекешелендіру, білім саласын цифрландыру бағытында Үкімет отырысы өтеді.

Сағат 11:00-де Ақордада шетел елшілері ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа сенім грамоталарын тапсырады.

Сағат 11:00-де Пхенчхандағы Паралимпиада ойындарының алтын медаль иегері Александр Колядин Ұлттық Паралимпиада комитетінің жаттығу орталығында спортшылармен кездесу өткізеді.

Сағат 14:00-де БҰҰ Даму бағдарламасының конференц-залында Су ресурстарының дүниежүзілік күніне орай баспасөз мәслихаты өтеді.

Сағат 15:00-де Сенатта Халықаралық байланыс, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің кеңейтілген отырысы өтеді.

Сағат 15:00-де Орталық коммуникациялар қызметінде «Мен қазақпын» халықаралық музыкалық жобасының екінші маусымының ашылуына арналған баспасөз конференциясы өтеді.

Сағат 16:20-да Орталық коммуникациялар қызметінде Құқық бұзушылықтардың алдын алу мәселелерінде полицияның халықпен және азаматтық қоғаммен өзара бірлесе жұмыс істеуі жайында баспасөз конференциясы өтеді.

АЛМАТЫ

Сағат 9:30-да Су ресурстарының дүниежүзілік күніне орай БҰҰ баяндамасы таныстырылады.

Сағат 10:00-де Достық үйінде «Рухани жаңғыру» мақаласы аясында жас ғалымдардың халықаралық конгресі өтеді.

Сағат 11:00-де Tamos education мектебінде қазақстандық жеке мектептер нарығына арналған баспасөз мәслихаты өтеді.

Сағат 11:00-де Өңірлік коммуникациялар қызметінде Алматы қаласының дін істері басқармасы 2017 жылды қорытындылап, 2018 жылдың жоспарын жасайды.  

Сағат 12:00-де Қазақстан баспасөз клубында «BAYAN SULU-2018» ұлттық болмысын таңдау» жобасының уақытын ұзарту туралы баспасөз мәслихаты өтеді. 

КӨКШЕТАУ

Сағат 11:00-де Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында «2015-2019 жылдарға арналған «Нұрлы жол» инфрақұрылымын дамыту мемлекеттік бағдарламасы» тақырыбында брифинг өтеді.

АҚТӨБЕ

Сағат 10:00-де бастамашы кәсіпкерлерді қолдауға бағытталған өңірлік пилоттық «60/15»  конкурсы бойынша жобаларды іріктеу өтеді. 

Сағат 15:00-де Өңірлік коммуникация орталығында «Жазғы мерзімде студент жастарды жұмысқа орналастыру», «Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бес әлеуметтік бастамасы» тақырыбында баспасөз конференциясы өтеді.

ҚАРАҒАНДЫ

Сағат 15:00-де Қарағанды облысының Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының ұсынысы бойынша «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі 47-бабы 5-тармағының конституциялылығын тексеру туралы Конституциялық Кеңестің нормативтік қаулысы жарияланады.