10 желтоқсанда республика бойынша қай жолдарда шектеу бар

АЛМАТЫ. KAZINFORM — «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы елдегі жолдардың қазіргі ахуалы туралы хабарлады.

закрыта дорога, метель, гололед, боран, жол жабық, көк тайғақ
Фото: Балагазиев Ерназ / Kazinform

Компанияның мәліметінше, 2025 жылғы 10 желтоқсанда таңғы уақытта еліміздегі республикалық маңызы бар бірнеше жолда көлік қозғалысы қайта жанданды.

Алматы облысы

• «Астана — Қарағанды — Алматы» автожолының 59-200-шақырым аралығы (Ақсай ауылы — Қаншеңгел ауылы);

• «Күрті — Қонаев» автожолының 0-67-шақырым аралығы (Қонаев қаласы — Күрті ауылы);

Абай облысы

• «Алматы — Талдықорған — Өскемен — Шемонаиха — РФ шекарасы» автожолының 971-1013-шақырым аралығы (Қалбатау ауылы — ШҚО шекарасы);

• «Алматы — Талдықорған — Өскемен — Шемонаиха — РФ шекарасы (Өбе өткізу пункті) (Сарқан, Аягөз айналма жолдарымен және Мұқыры асуына кіреберісімен бірге)» автожолының 683-768-шақырым аралығы (Таскескен ауылынан Аягөз қаласына дейін);

• «Таскескен — Бақты (ҚХР шекарасы)» автожолының 0-75-шақырым аралығы (Таскескен ауылынан Үржар ауылына дейін);

Шығыс Қазақстан облысы

• «Алматы — Талдықорған — Өскемен — Шемонаиха — РФ шекарасы» автожолының 1013-1068-шақырым аралығы (Абай облысының шекарасы — Қасым Қайсенов кенті);

Ал бірнеше облыста көлік қозғалысына енгізілген шектеу әлі де күшінде.

Жамбыл облысы

• «РФ шекарасы — Мәртөк — Ақтөбе — Қарабұтақ — Қызылорда — Шымкент — Тараз — Қордай — Алматы — Қорғас — ҚХР шекарасы» автожолының 535-593-шақырым аралығында (Айша бибі ауылынан Түркістан облысының шекарасына дейін);

• «РФ шекарасы — Мәртөк — Ақтөбе — Қарабұтақ — Қызылорда — Шымкент — Тараз — Қордай — Алматы — Қорғас — ҚХР шекарасы» автожолының 159-238 шақырым аралығындағы учаскесі (Қордай асуының жаңа айналма жолы, Кенен ауылынан Қайнар ауылына дейін).

Түркістан облысы

• «РФ шекарасы — Мәртөк — Ақтөбе — Қарабұтақ — Қызылорда — Шымкент — Тараз — Қордай — Алматы — Қорғас — ҚХР шекарасы» автожолының 593-654-шақырым аралығында (Жамбыл облысының шекарасынан Машат ауылына дейін).

Шығыс Қазақстан облысы

• «Өскемен — Риддер» автожолы, 15-105-шақырым аралығы (Белоусовка ауылы — Риддер қаласы);

• «Өскемен — Шемонаиха» автожолы, 1104-1191-шақырым аралығы (Глубокое ауылы — Шемонаиха қаласы);

• «Өскемен — Семей» автожолы, 10-103-шақырым аралығы (Герасимовка ауылы — Абай облысының шекарасы)

Жетісу облысы

• «Сарыөзек — Көктал» автожолының 40-68-шақырым аралығындағы учаскесінде (Алтын Емел асуы).

Еске салайық, бұған дейін синоптиктер 10 желтоқсанда бірқатар өңірде тұман түсіп, көктайғақ болатынын ескерткен еді.

Соңғы жаңалықтар