100-ден астам көлік полицейі жаңа қылмыстық-процессуальдық кодекс бойынша сынақ тапсырды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Көліктегі ішкі істер департаментінің (тергеу, анықтау, әкімшілік, криминалдық, көші-қон полициясы және есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының қызметкерлері мен басшылары 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енетін ҚР Қылмыстық және Қылмыстық іс жүргізу кодекстерінің жаңа ережелері бойынша білімдерін тексеруден сынақ тапсырды.

100-ден астам көлік полицейі жаңа қылмыстық-процессуальдық кодекс бойынша сынақ тапсырды

Сынақтың мақсаты - көлік полицейлерін жаңа заңнамалармен жұмыс жасауға дайындау.

Тест түріндегі сынақты өткізу үшін Департамент бастығының бұйрығымен арнайы комиссия құрылды. Тестілеу арнайы бағдарлама енгізілген компьютермен жабдықталған кабинетте өткізілді.

Бұл іс-шара жаңа қылмыстық заң және сот өндірісі, әкімшілік құқықбұзушылық туралы заң, қылмыстық жазалаудың атқару жүйесіне көшу бойынша Еліміздің Президентімен бекітілген Бырыңғай мемлекеттік жоспар аясында ұйымдастырылды.

Жаңа кодекстерде қылмыстың барлық түрлерімен күресудің тиімді жолдары қарастырылған, әсіресе онда балалар мен жасөспірімдердің құқығына қатысты кез келген қылмыс түрлері қатаң жазаланады.

Адам өліміне қатысты емес ауырлығы орташа және орта деңгейлі қылмыстарға көлемді айыппұл бекітілген.

Ағымдағы жылдың тамыз айынан қарашаға дейін сынаққа дайындық жұмыстары жүргізіліп, жаңа кодекстерді зерделеу бойынша семинар-кеңестер, бейнекеңестер мен дәрістер ұйымдастырылды. Сондай-ақ, жаңа құқықтық актілерді қабылдау барысында проблемалық мәселелерді өзара талқылап, заңдарды тиімді қолдану мақсатында нұсқаулар мен шаралар қабылданды.

Тестілеудің нәтижесінде сынаққа қатысқан Департамент аппаратының 130 қызметкері, оның ішінде тергеу, анықтау, әкімшілік, криминалдық, көші-қон полициялары, есірткі бизнесіне қарсы күрес қызметкерлері, сонымен қатар жаңа заңнамаларға сәйкес сотқа дейінгі тексерумен айналысатын олардың басшылары өздерінің дайындықтарын көрсетті, деп хабарлайды Көліктегі ІІД баспасөз қызметі.