100 елдің делегаттары ЭКСПО-2017 павильондарын аралады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін, ЭКСПО-2017 көрмесіне қатысушылардың үшінші жиналысы жұмысының екінші күні, көрме нысандарына экскурсия жүргізілді, деп хабарлады ЭКСПО-2017 баспасөз қызметі.
None
None

100 елден келген делегаттар құрылысы 100 пайыз аяқталған павильондарды аралады.

«Олар Астанада өтетін ірі халықаралық шараның дайындық жұмыстарына жоғары баға берді және құрылыс ауқымы мен нысандардың дизайнынан ерекше әсер алғандарын баса айтты. 20 мемлекет өз павильондарын қабылдап алды және құрылыс-монтаж жұмыстарына кірісті. Оларды ЭКСПО-2017 халықаралық қатысушыларына беру жалғасуда», - делінген хабарламада.

Халықаралық қатысушылардың үшінші жиналысы аясында Сербия, Ұлыбритания, Өзбекстан, Ангола сынды тағы 14 мемлекетпен павильондарды беру және қабылдау бойынша актілерге қол қойылды.

Одан бөлек, делегация «бір терезе» қағидасымен жұмыс істейтін  Бірыңғай қызмет көрсету орталығына барды. Мұнда визалық қолдау, салық, банк, сақтандыру қызметтері т.б. қызметтің 12 түрі көрсетіледі. Түрлі елдің өкілдері өздерін қызықтырған мәселелер бойынша консультациялар алды. 

Соңғы жаңалықтар