100 млн теңге табыс, 2 мың клиент: Қостанайда наркобизнестің жолы кесілді

АСТАНА. KAZINFORM — Қостанай қаласының соты әлеуметтік желілер арқылы есірткі сату ісі бойынша айыптау үкімін шығарды.

есірткі
Фото: Видеодан скрин

Аталған қылмыстық істі тергеуді ҚМА Қостанай облысы бойынша департаменті жүргізді.

Тергеу барысында бір топ адамның Telegram мессенджерінде «Thс Seller» атты наркошоп ашқаны анықталды. Осы ресурс арқылы 2 мыңнан астам клиент есірткі сатып алып, жалпы айналым 100 млн теңгеден асқан. Есірткі саудасынан түскен табысты қолма-қол ақшаға айналдыру үшін дропперлердің атына рәсімделген банктік карталар пайдаланылған.

— Тінту кезінде жалпы салмағы 30 келіден асатын марихуана мен гашиш тәркіленді. Сот үкімімен кінәлілер 8 жылға бас бостандығынан айырылды. Сонымен қатар, қылмыстық жолмен алынған табысқа сатып алынған екі автокөлік мемлекет меншігіне тәркіленді. Үкім заңды күшіне енген жоқ, — делінген ҚМА таратқан ақпаратта.

Бұдан бұрын ІІМ азаматтарды дропперлердің қатысуымен жасалатын есірткі қылмыстары туралы ескертті.

Соңғы жаңалықтар