«100 нақты қадам»: Елбасы ұсынған жоспар мемлекетімізді кемеліне келтіретін реформа - Азия чемпионы А.Өтешов

Мұнан әрі ол Ұлт жоспарындағы индустрияландыру бағыты мен аграрлық сектордағы нақты қадамдарды қолдайтынын айтты. Сондай-ақ мемлекеттік қызметшілердің еңбекақысы нәтиже бойынша төленетініне, сот жүйесін жетілдіру бойынша атқарылуы тиіс істерге оң көзқараста екенін жеткізді.
«Ұлт жоспарында көрсетілген білім беру жүйесінде жоғары сыныптар мен ЖОО-ларда ағылшын тілінде оқытуға кезең-кезеңмен көшу, ондағы басты мақсат - даярланатын кадрлардың бәсекелестік қабілетін арттыру және білім беру секторының экспорттық әлеуетін көтеру мәселесі уақыт талабымен үндесіп тұр. Өзім талай шет елдерде болып, дүбірлі додаларға қатысып жүргенімде ағылшын тілін меңгерудің қаншалықты керек екенін сезіндім», - дейді танымал спортшы.
Айта кетейік, ауыр атлетикадан ҚР еңбек сіңірген спорт шебері Алмас Өтешов 2008 жылы Азия чемпионатының қола жүлдегері (Жапония, Каназава,) және жастар арасындағы Азия чемпионы (Оңтүстік Корея, Чеджу) атанса, 2009 жылы ересектер арасындағы Азия чемпионатының қола жүлдегері (Талдықорған қаласы) болды. 2012 жылы Лондондағы жазғы Олимпиада ойындарына қатысты. Әлем чемпионатының күміс жүлдегері (Польша, Вроцлав, 2013 ж.), 17-ші жазғы Азия ойындарының күміс жүлдегері (Оңтүстік Корея, Инчхон, 2014 ж.).