100 нақты қадам - Қазақстанның дамыған мемлекеттер отыздығына кіру жөніндегі жоспары

АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырау облысының ТЖД «ӨС және АҚЖҚ» ММ КДМ ұжымымен Мемлекет басшысы Н. Назарбаевтың «100 нақты қадам- КР дамыған Мемлекеттердің отыздығына кіру жөніндегі жоспары» таныстырылды, деп хабарлайды Атырау облыстық әкімдігінің сайты.
None
None

«100 нақты қадам- бұл жаһандық және ішкі сын-қатерлерге жауап және сонымен бір мезгілде, жаңа тарихи жағдайларға ұлттың дамыған мемлекеттердің отыздығына кіру жөніндегі жоспары. «100 нақты қадам» елімізге «2050 - Стратегиясын жүзеге асыру мен Қазақстан мемлекеттілігін нығайтуға, жолдан адаспауға, күрделі кезеңнен сенімді өтуге жағдай туғызатын Беріктік қорын жасап беретін болады»,- дейді Атырау облысының ТЖД «ӨС және АҚЖҚ» ММ КДМ бастығы өққ подполковнигі Самал Абирова.

Жаңа ұлттық жоспардағы 1 қадамда Мемлекеттік қызметке қабылдау төменгі лауазымдардан басталуы тиіс. Төменгі лауазымдарға кандидаттарды реттеу және одан әрі лауазымдық өсу іскерлік қасиеттер негізінде жүзеге асырылуы тиіс.Сондай-ақ құқық қорғау органдары қызметкерлерін мемлекеттік қызмет жүйесіне қосу, әрбір құқық қорғау қызметінің ведомстволық ерекшеліктеріне сәйкес бірыңғай қызмет ету ережесін енгізу қажет.

Атап өтер жайт, ел Президенті жанынан жедел түрде құрамы отандық және шетелдік сарапшыдан тұратын, бес жұмыс тобынан жасақталған жаңғырту ұлттық комиссия құрылды. Қызметтің Кәсіби дайындық мектебінің оқытушылар құрамына осы ұлттық жоспардың әрбір қадамы толық жеткізілді. «Осы ұлттық жоспарды әрбір Қазақстан азаматы қадамдарды жете оқып, меңгеріп басшылыққа алып, болашақта Қазақстан Республикасының өсіп-өркендеуіне, дамыған мемлекеттердің отыздығына қіруге үлесімізді қосуымыз қажет. Осы ұлттық жоспар біз үшін өте маңызды құжат болып саналады,-дейді Самал Абирова.

Соңғы жаңалықтар