«100 нақты қадам»: СҚО-да биыл ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу бойынша 12 жобаны іске қосу көзделген - әкім

«Негізгі міндет: үш жыл ішінде шығарылған өнімнің жартысына жуығын ТМД елдерінің нарығына экспортқа шығару. Өндіріс ауылда коперативтік өндірісті дамытумен жаңазеландиялық Fronterra және даттық Arta үлгісімен жүргізіледі», - деді СҚО әкімі Е.Сұлтанов.
«100 нақты қадам Қазақстанның барлық саладағы ұзақмерзімді өсімін қамтамасыз ететініне сенімдімін. Бұл табысқа бастар даңғыл жол», - деді әкім. Қадамдардың бірі сүт, сүт өнімдері өндірісін дамытуды қамтиды. Біз сияқты аграрлық өңір үшін мұның маңызы ерекше, деп атап өтті СҚО әкімі. «СҚО-да жылына шамамен 500 мың тонна сүт өндіріледі. 11,5 мың мал басымен 33 сүт фермасы жұмыс істеуде, олар «Зенченко и К», «Тайынша-Астық» ЖШС және т.б. Жыл сайын 8 мың тонна сүт өнімдерін экспорттамыз. Өкінішке орай, соңғы айларда экспорт көлемі төмендеді. Оны ұлғайтуға жұмыс істеп жатырмыз, қазір жаңа өткізу нарығы пысықталуда. Биыл жаңа фермалар енгізіп, табынды ұлғайтамыз, бұл өнімді 7 пайызға арттыра түспек. Облыста ауыл шаруашылығы өнімдері мен тамақ өнеркәсібін қайта өңдеуді дамыту бағдарламасы әзірленуде. Оның аясында 51 млрд астам теңгеге 19 инвестициялық жобаны іске асыру көзделген. Сонымен, 2015 жылы 1,6 млрд теңгеден астам инвестиция салып, ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу бойынша 12 жобаны іске қосуды жоспарлап отырмыз. Осылайша экспорт көлемін ұлғайтуға ниеттіміз. Біз 100 нақты қадамды іске асыруға белсенді кірісудеміз, бұл үшін мемлекет тарапынан барлық жағдай жасалған», - деді Е.Сұлтанов.