100-ші «Чанъань» пойызы Қытайдан Қазақстанға аттанды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 100-ші контейнерлік «Чанъань» пойызы Қытайдың Сиань қаласынан Алматыға аттанды, деп хабарлайды «Синьхуа».

Бұл теміржол бағыты 2013 жылдың қараша айында іске қосылған. Аталған кезең аралығында жалпы сомасы 185 млн. долларға 140 мы тонна жүк тасымалданған. Әр ай сайын Қытайдан тұрақты түрде осы бағыт бойынша 8 құрам жіберіледі.

Қазақстан мен Орталық Азия елдеріне әдетте жабдықтар мен қосалқы бөлшектер, құрылыс материалдары, жеңіл және текстиль өнеркәсібі өнімдері, сонымен қатар азық-түлік жеткізіледі. Тамыз айында пойыз Қазақстаннан Қытайға кері бағыт бойынша аттанады, оған елімізде өндірілген өсімдік майы тиелмек.

Соңғы жаңалықтар
telegram