«100 жаңа оқулық» жобасы қазақ тілінде дами қоймаған жаңа салаларды ашты

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «100 жаңа оқулық» жобасы қазақ тілінде дами қоймаған жаңа салаларды ашты. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы Қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасын іске асыру жөніндегі ұлттық комиссияның кеңейтілген мәжілісінде ҚРО Мемлекеттік хатшысы Қырымбек Көшербаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

«Осы жобаның арқасында біз қазақ тілінде дами қоймаған бірқатар мүлде жаңа салаларды аштық. Экономикс, микро және макроэкономика, менеджмент және маркетинг, қаржылық сауаттылық, ағылшын заңы, статистика, сандық және сапалық зерттеулер әдістері, этика мен эстетика, антропология, интернет психологиясы, медиа этика, өнер тарихы, театр және кионтану, сценаристика секілді тұтас жаңа бағыттар пайда болды», - деді ол.

Мемлекеттік хатшы Нобель сыйлығының лауреаты Бертран Расселдің «Батыс философиясының тарихы», Эрнст Гомбрихтің атақты «Өнер тарихы», бүкіл әлем оқитын Филипп Котлердің «Маркетинг принциптері», Эндрю Хейвудтың «Саясаттануы» алғаш рет қазақ тілінде жарық көргенін атап өтті.

«Бұл - үлкен еңбек, зор жетістік, қазақ қоғамы үшін үлкен олжа. Бұл - біздің жастарымызға жасалған керемет мүмкіндік. білім беру жүйесіне жасалған қолдау және әрине, ана тілімізді дамытуға қосылған зор үлес. Аударма арқылы өзге тілден жаңа мазмұн алу өте маңызды. Сонымен қатар өз ерекшеліктерізді, қазақ мәдениетін, руханиятын басқа тілдерде таныстыру, әлемге насихаттау да маңызды. Бұл алыс-беріс екіжақты болғаны дұрыс. Бұл бағытта да Ұлттық аударма бюросы арқылы бірнеше көлемді, сәтті жобалардың іске асқанын да атап өту керек, 60 қазақстандық ақын-жазушының таңдамалы шығармалары БҰҰ-ның 6 ресми тіліне аударылып, осы 6 тілде сөйлейтін 90 елдің кітапханаларына таратылды. Өткен жылы Мемлкет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен Абайдың 175 жылдығына орай ұлы ақынның жинақтары әлемнің 10 тіліне аударылып, тараталды», - деді Қырымбек Көшербаев.


Соңғы жаңалықтар