1000-нан астам өскемендік Әнұранды бірге шырқады

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Мемлекеттік рәміздер күнін өскемендіктер мемлекеттік Әнұранды шырқаудан бастады. 1000-нан астам азаматтар, әскерилер, оқушылар, мұғалімдер, еңбек ұжымдары бүгін таңертең Ертіс жағалауындағы салтанатты шараға жиналды.
None
None

«Қазір жиналған қауым Әнұранды орындағанда олардың жанарларынан ерекше рух байқадым. Көк байрағымыз еркіндікті білдіреді. Ал Елтаңбамыз еліміздің бүгіні мен ертеңінен сыр шертіп тұр. Мені осындай қазақстандықтар үшін маңызды күні шақырған Өскемен қаласы әкімдігіне алғысымды білдіремін» - деді мереке қонағы, ҚР Елтаңбасының авторы Жандарбек Мәлібеков.

Өскеменде мерекелік шаралар жалғасуда. Шара аясында «Қазақстан» тауында 8 жаңа мемлекеттік қызметкер ант қабылдады. Бұл шарадан соң «Нұр Отан» партиясы өз қатарына жаңа мүшелерді қабылдайды, деп хабарлады Өскемен әкімдігінің баспасөз қызметінен.

Соңғы жаңалықтар