101 жастағы майдангер әлемдегі ең кәрі парашютші атанды
АСТАНА. ҚазАқпарат - 101 жастағы британдық Брайсон Уильям Вердун Хейес (Bryson William Verdun Hayes) әлемдегі ең кәрі парашютші атанды.
Жасы 101-ден асып 38 күнге жеткен Хейес парашютпен секірді, деп жазадыThe Guardian басылымы. Мұның алдындағы рекорд 101 жас 3 күн болған кезінде секірген канадалық Арман Гендроға (Armand Gendreau) тиесілі еді.
Бір қызығы, Хейеспен бірге оның туыстары, атап айтқанда 74 жастағы ұлы Брайан, 50 жастағы немересі Роджер, 21 жастағы шөбересі Элли және 16 жастағы шөпшегі Стэнли бірге секірген.
Акция мақсаты соғыс ардагерлеріне көмектесетін The Royal British Legion қайырымдылық қорына қаржы жинау болған.
Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде Хейес Нормандияға түсірілген десанттардың қатарында болған, сондай-ақ Франция, Нидерланды, Бельгия мен Германияда айқасты. Құрметті легион орденімен марапатталған.
Хейес 90 жасында парашют спортымен шұғылданғысы келген. Бірақ зайыбы қарсы болған көрінеді. Ол алғаш рет әйелі қайтыс болған соң секірген. Ол уақытта 100 жасқа келген еді.