107 жастағы ирандық сайлауға түсуге бел буды
АСТАНА. ҚазАқпарат - 107 жастағы Иран тұрғыны Фейзолла Фатхи (Feizollah Fathi) жергілікті билік органы сайлауына қатысу үшін өз кандидатурасын тіркеді.
Бұл туралы сейсенбі, 28 наурызда BBC News хабарлады.
Ер адам Дивандердегі шахрестанға (Күрдістан провинциясы) ауыл кеңесіне дауысқа түсуді жоспарлаған өзінің 73 жастағы зайыбы Джаханмен бірге сайлау комиссиясына келген.
Фейзолла Фатхи егер сайланған жағдайда «халыққа қызмет ететіндігін және өзекті мәселелерге басты назар аударатындығын» мәлімдеді.
Биліктің жергілікті органдарына бұдан бұрын тіркелген 1889 кандидаттың жасы 75-тен асады.
Дауыс беру 19 мамырда болатын Иран президенті сайлауымен бір уақытта өтеді деп күтіліп отыр.
Еске сала кетсек,2016 жылғы ұлттық халық санағы барысында ирандық Күрдістан провинциясында елдегі ең кәрі адамды -134 жастағы Ахмада Суфиді тапқан болатын.