18:42, 16 Ақпан 2013 | GMT +5
11-13 сәуірде «ХІIІ Сәтбаев оқулары» өтеді
АСТАНА. 16 ақпан. ҚазАқпарат - Биылғы 11-13 сәуірде С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінде «ХІIІ Сәтбаев оқулары» атты халықаралық ғылыми конференциясы өтеді.

Бұл туралы Л. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ресми сайтында хабарланды.
Сайттың жазуынша, шараға ғалымдар, оқытушылар, магистранттар, студенттер және оқушылар қатыса алады. Конференция аясында қазіргі ғылымның әртүрлі саладағы көкейкесті мәселелері бойынша академик Қ.И. Сәтбаев және оның білім беру мен ғылымдағы рөлі, филология, тарих және этнология, философия, саясаттану және әлеуметтану, жалпы педагогика және психология, математика және информатика, жаратылыстану және қолданбалы ғылымдар және тағы да басқа көптеген секциялардың жұмысы жоспарланып отыр. Конференцияға қазақ, орыс, ағылшын және неміс тілдеріндегі жұмыстар қабылданады.