11 ақпанда елордада өтетін маңызды шаралар аңдатпасы

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі 11 ақпан күні елордада өтетін маңызды шаралар аңдатпасын ұсынады.
None
None

НҰР-СҰЛТАН

11.00-де онлайн режимде ҚР Әділет министрлігінің кеңейтілген алқа отырысы өтеді. Күн тәртібінде өткен жылдың жұмыс қорытындысы мен 2022 жылдың I-жартыжылдығына арналған басым міндеттер қаралады.

14.30-да ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде «Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы заңды жүзеге асыру туралы» баспасөз мәслихаты өтеді. https://www.youtube.com/user/ortcomkz , https://ru-ru.facebook.com/ortcomkz

15.00-де Елорда мәслихатында «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ Астана өндірістік филиалының Астананы газдандыру барысы туралы есебі тыңдалады. www.facebook.com/maslihat.astana.kz

16.00-де Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Қуыршақ театрында «Қыс туралы ертегі» қойылады.

16.30-да ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде «Әлеуметтік-еңбек саласын цифрландыру» тақырыбында баспасөз мәслихаты өтеді. Спикер: ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Ербол Оспанов. https://www.youtube.com/user/ortcomkz , https://ru-ru.facebook.com/ortcomkz

19.00-де Қ. Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық-драма театрында Фархад Молдағалидің режиссерлігімен «Алтайдан ауған ел» спектаклі сахналанады.

19.00-де Astana Ballet театрында «Щелкунчик» қойылымы көрсетіледі.


Соңғы жаңалықтар