11 айда 2,5 млн қазақстандық Өзбекстанға саяхаттап барған

ТАШКЕНТ. KAZINFORM — Биыл қаңтар-қараша айлары аралығында Өзбекстанға 10,7 млн шетелдік саяхаттап келді, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің меншікті тілшісі.

11 айда 2,5 млн қазақстандық Өзбекстанға саяхаттап барған
Фото: Әлихан Асқар/Kazinform

Өзбекстан Ұлттық статистика комитетінің мәліметінше, биыл шетелдік туристердің саны 47,4%-ға артты. Саяхатшылардың көбі Қырғызстан (3 млн адам), Қазақстан (2,5 млн адам) және Тәжікстаннан (2,5 млн адам) келген.

Сондай-ақ, Ресей, (923 мың адам), Ауғанстан (429 мың адам) және Түрікменстан (341 мың адам) азаматтарының үлесі басым.

Комитеттің мәліметінше, саяхатшылардың көбі Ташкент, Самарқанд, Бұхара және Хиуа қалаларының көрікті жерлерін аралаған.

Еске салайық, биыл жарты жыл ішінде Өзбекстанға 1,5 млн қазақстандық саяхаттап келген еді.

Қоса кетсек, қаңтар-қыркүйек аралығында 7,5 млн шетелдік Қазақстанға туристік мақсатта келген. Туризм және спорт министрлігінің хабарлауынша, 2024 жылы елімізде 15 млн саяхатшы демалысын өткізген.

Соңғы жаңалықтар