11 айда БЖЗҚ-ның инвестициялық табысы 1,65 трлн теңге болды

АСТАНА. KAZINFORM – 11 айда Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының инвестициялық табысы 1,65 трлн теңге болған. Бұл туралы Ұлттық қорға Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов Үкімет отырысында мәлім етті.

ЕНПФ, БЖЗҚ
Фото: Ағыбай Аяпбергенов / Kazinform

- Жыл басынан бері Ұлттық қорға 3,6 трлн теңге түсті. Ал республикалық бюджетке алынған трансферттер көлемі 4,9 трлн теңге болды. Ұлттық қордың биылғы 11 айдағы инвестициялық кірісі 1,7 пайыз немесе 8,2 млрд долларға (4,2 трлн теңге) жетті, - деді Ұлттық банк басшысы.

Тимур Сүлейменов жыл басынан бері БЖЗҚ активтері 25 трлн теңгеге дейін немесе 11,7 пайыз өскенін айтады.

- Инвестициялық табыс көлемі 1,65 трлн теңгеге жетті. Зейнетақы жарналары 2,5 трлн теңге, ал мерзімінен құрын алынған қаражат 1 трлн теңге болды, - деді ол.

Айта кетейік, бүгін Үкіметте 11 айдың әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы қаралып жатыр. 

Соңғы жаңалықтар