11 қаңтарда елдегі қай жолдар жабық тұр

АЛМАТЫ. KAZINFORM – «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы елдегі жолдардың қазіргі ахуалы туралы хабарлады.

закрыта дорога, метель, гололед, боран, жол жабық, көк тайғақ
Фото: Балагазиев Ерназ / Kazinform

Ұлттық компанияның мәліметінше, 2025 жылғы 11 қаңтарда сағат 08:00-дегі жағдай бойынша республикалық маңызы бар келесі автожолдарда көліктің барлық түрі үшін қозғалыс ашылды.

Жетісу облысы

• республикалық маңызы бар «Үшарал – Достық» автожолының 84-164- шақырымы (Көктұма ауылы – Достық станциясы).

Ақтөбе облысы

• РФ шекарасы – Мәртөк – Ақтөбе – Қарабұтақ – Қызылорда – Шымкент – Тараз – Қордай – Алматы – Қорғас – ҚХР шекарасы» автожолының 965-1240-шақырымы (Қарабұтақ кенті – Қызылорда облысының шекарасы).

Қызылорда облысы

• осы автожолдың 1240-1362-шақырымы (Ақтөбе облысының шекарасы – Арал қаласы).

Жабық жолдар

Шығыс Қазақстан облысында тіркемесі бар және жартылай тіркемелі жүк көліктерінің қозғалысы Осинов асуында уақытша шектелді. Шектеу «Өскемен – Алтай – Катонқарағай – Рахман қайнары» авто жолының 46-66-шақырымындағы (Северное ауылы – Серебрянск қаласы) учаскесінде қыс аяқталғанша сақталады.

Сонымен бірге «Астана – Шідерті – Павлодар – Успенка – РФ шекарасы» автожолындағы жолайрықтың көпір құрылымының шеткі арқалықтары зақымдануына байланысты «Қалқаман» жолайрығы учаскесі жабылды. Атап айтқанда, Қалқаман кентіне кіреберіс пен Астана бағытына шығатын жол уақытша жабық.

Еске салайық, бұған дейін синоптиктер 11 қаңтар күні Қазақстанның 15 облысында және Астанада ауа райының қолайсыздығына байланысты ескерту жасаған еді..

Соңғы жаңалықтар