11 қараша күні Қазақстан өтетін маңызды шаралар аңдатпасы

АСТАНА. ҚазАқпарат – «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі 11 қараша күні елордада өтетін маңызды шаралар аңдатпасын ұсынады.
None

8.30-да Назарбаев университетінде халықаралық сарапшылардың қатысуымен Денсаулық сақтау басшыларының II-Республикалық форумы өтеді.

9.30-да Hilton Garden Inn қонақ үйінде IV Халықаралық энергия үнемдеу форумы өтеді.

9.30-да Wyndham garden Astana қонақ үйінде Қазақстан ауыл әйелдерінің V республикалық форумы өтеді.

10:00-де Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ бас ғимаратының Мәжіліс залында гибридтік форматта Қазақстан халқы Ассамблеясының «Электоралдық белсенділік азаматтық бірегейлік факторы ретінде» жалпыреспубликалық ғылыми-практикалық конференциясы өтеді.

11.00-де КАЗГЮУ университетінде «M.Narikbayev Public lecture» жоба аясындағы «Жаһандық сын-қатерлер кезінде заңға негізделген әлемді құру» дәрісі өтеді.

12.00-де ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде «Қарасора-2022» жедел алдын алу іс-шарасының нәтижелері туралы» баспасөз мәслихаты өтеді. Көрсетілім сілтемелері: https://www.youtube.com/user/ortcomkz https://ru-ru.facebook.com/ortcomkz

14:00-де ҚР Ұлттық музейінде «Іздер» суретшілер тобының мүшесі, ҚР Суретшілер Одағының мүшесі Оралбек Қабөкенің «Бейне» атты жеке көрмесі ашылады.

17.00-де Астанадағы Ұлттық музейде өтетін NATIONAL GEOGRAPHIC PHOTO ARK көрмесінің ашылу рәсімі өтеді.

19:00-де «Керуен» сауда-ойын-сауық орталығында «Ынталы ата-аналар» атты Швеция-Қазақстан фотокөрмесі ашылады.

19.00-де Жас көрермендердің музыкалық театрында «Шәмші» мюзиклі қойылады.

19.00-де Астана қаласы филармониясының концерт залында «Viva musica!» симфониялық музыка концерті өтеді.


Соңғы жаңалықтар