11 қараша. Тұлғалар туған күн
Бүгін, 11 қараша күні тұлғалардан кімдер дүниеге келген? Kazinform оқырмандарына есімдер күнтізбесін ұсынады.
82 жыл бұрын (1943) Абылай хан атындағы Қазақ мемлекеттік халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің ректоры Сәлима Сағиқызы ҚҰНАНБАЕВА дүниеге келді.
Алматы облысының тумасы. Алматы шет тілдері педагогикалық институтын, осы оқу орнының аспирантурасын бітірген.
Еңбек жолы: орта мектеп мұғалімі, ҚазПТИ (Қаныш Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ), АММИ (С. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті) оқытушысы; оқытушы, аға оқытушы, кафедра меңгерушісі, доцент, АПИА (Абылай хан атындағы КазУМОиМЛ) проректоры (1972-1992); Қазақ мемлекеттік әлем тілдері университетінің бірінші проректоры — оқу ісі жөніндегі проректоры (1992-1998); ректоры (1998-1999); бірінші проректор — оқу ісі жөніндегі проректор (1999 жылдан).
50-ге жуық ғылыми еңбектің, оның ішінде үш монографияның авторы.
51 жыл бұрын (1974) Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Бақыт Дүйсенұлы ЖАҚАНОВ дүниеге келді.
Қызылорда қаласында туған. 1992 жылы Ыбырай Жақаев атындағы Қызылорда политехникалық институтына түсіп, 1996 жылы экономист-менеджер мамандығы бойынша бітірді.
Еңбек жолы: 1997-2001 жылдар аралығында Қызылорда облысының ауыл шаруашылығы департаментінің экономикалық бағдарлау, нарықтық қатынастар және мониторинг бөлімінің жетекші маманы және бөлім бастығы, стратегия, мониторинг және реформалар бөлімінің жетекші маманы, облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының маркетингтік зерттеу және өнімді тиімді сату жұмыстарын үйлестіру бөлімінің бастығы қызметін атқарған. 2002 жылдың сәуір айы мен қазан айы аралығында Қызылорда облыстық экономика басқармасының ақпараттық талдау жұмыстары және бақылау бөлімінің бастығы қызметін атқарған. 2002-2004 жылдар аралығында Қызылорда облысы әкімі аппаратының бас инспекторы қызметін атқарды. 2005-2008 жылдар аралығында Қызылорда облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу департаменті директорының орынбасары және 2008-2011 жылдар аралығында Қызылорда облысының ауыл шаруашылығы басқармасының бастығы қызметінде болды. 2011 жылы Қызылорда облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының бастығы, 2011-2013 жылдары Қызылорда облысы әкімінің орынбасары, 2013 жылдың ақпан айынан бастап Қызылорда облысы Қазалы ауданының әкімі, 2015-2019 жылдары Қызылорда облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы, 2019-2022 жылдары Қызылорда облысы әкімінің орынбасары қызметін атқарды.
2024 жылдың қаңтар айынан бастап қазіргі қызметінде.
40 жыл бұрын (1985) Қарағанды облысы әкімінің бірінші орынбасары Азамат Айтбайұлы ТАЙЖАНОВ дүниеге келді.
Астана қаласында туған. Қазақ гуманитарлық заң университетін бітірген, халықаралық құқық бакалавры, халықаралық құқық магистрі (2007, 2009).
Еңбек жолы: «Ықылас К» ЖШС менеджері (2005-2006); актерлік Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі Инвестициялық саясат және жоспарлау департаментінің жетекші маманы (2007-2008); Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі Инвестициялық саясат және жоспарлау департаментінің сарапшысы (2008-2008); Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі Құқықтық қамтамасыз ету және халықаралық ынтымақтастық департаментінің сарапшысы (2008-2010); Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Халықаралық ынтымақтастық департаментінің көпжақты ынтымақтастық және инвестициялық саясат басқармасының басшысы (2010-2011); Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының кеңесшісі (2011-2013); Степногорск қаласы әкімінің орынбасары (2013-2013); Егіндікөл ауданының әкімі (2013-2016); Ақмола облысы Аршалы ауданының әкімі (2016-2018); «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту мен дамытудың қазақстандық орталығы» АҚ басқарушы директоры, басқарма төрағасының орынбасары — басқарма мүшесі (2019-2021); Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары — Қаржы министрінің кеңесшісі (2021-2023); Ақмола облысы әкімінің орынбасары (2023-2024).
2024 жылдың ақпан айынан бастап қазіргі қызметінде.
37 жыл бұрын (1988) VIII шақырылымдағы Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі Жарқынбек АМАНТАЙ дүниеге келді.
Баян-Өлгейде (Моңғолия) дүниеге келген. Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтын «филолог» мамандығы бойынша бітірген (2010).
Еңбек жолы: Павлодар қаласындағы Абай атындағы орта мектепте мұғалім (2010-2011); Павлодар қаласындағы «Сарыарқа самалы» облыстық газетінің тілшісі (2011-2013); Павлодар қаласындағы «Қазақстан заман» газетінің штаттық тілшісі (2013-2015); Павлодар қаласындағы «Регион Kz» облыстық газетінің жауапты хатшысы (2015-2019); Ж. Аймауытов атындағы Павлодар облыстық музыкалық-драма театры басшысының орынбасары (2019-2020); Қазақстан Жазушылар одағының Павлодар облыстық филиалының директоры (2020-2021); Павлодар қаласындағы «ШАҢЫРАҚ» халық шығармашылығы және мәдени-демалыс қызметі аймақтық орталығы басшысының міндетін атқарушы (2021-2022); Павлодар қаласындағы «Машхуроведение» ғылыми-практикалық орталығы басшысының міндетін атқарушы (2022-2023).
2022 жылдың наурыз айынан бастап қазіргі қызметінде.