11 қараша. Тұлғалар туған күн

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін, яғни 11 қараша күні танымал тұлғалардан кімдер дүниеге келген? ҚазАқпарат оқырмандарына есімдер күнтізбесін ұсынады.
None

79 жыл бұрын (1943) Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің ректоры Сәлима Сағиқызы ҚҰНАНБАЕВА дүниеге келді.

Алматы облысында туған. Алматы шет тілдері педагогикалық институтын және аспирантурасын бітірген. 1972-1992 жылдары - Алматы шет тілдері педагогикалық институтының оқытушысы, аға оқытушысы, кафедра меңгерушісі, доценті, проректоры. 1992-1998 жылдары - Қазақ мемлекеттік әлем тілдері институтының бірінші проректоры, оқу ісі жөніндегі проректоры. 1998-1999 жылдары - Абылай хан атындағы Халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің ректоры, бірінші проректоры, оқу ісі жөніндегі проректоры. 50-ден астам ғылыми еңбектің, оның ішінде 3 монографияның авторы. Филология ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Жоғары мектеп ғылым академиясының, Халықаралық жоғары мектеп ғылым академиясының академигі.

59 жыл бұрын (1963) Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы Біріккен штабы бастығының орынбасары Тұралы Хамитұлы ҚОЙШЫҚҰЛОВ дүниеге келді.

Бұрынғы Шымкент облысы Қызылқұм ауданы, Жылға ауылында дүниеге келген. 1984 жылы Качинск жоғары әскери ұшқыштар училищесін, 1996 жылы Ю.А.Гагарин атындағы әскери әуе академиясын, 2006 жылы Ресей Федерациясы Қарулы Күштері Бас штабы әскери академиясы жанындағы жоғары академиялық курстарды бітірген.

1984-1993 жылдары түрлі әскери бөлімдерде ұшқыш, аға ұшқыш, бөлім командирі лауазымдарында қызмет атқарған. 1996-1999 жылдары авиациялық эскадрилья командирі болған. ҚР Қарулы күштерінде түрлі басшылық қызметтерде еңбек еткен. 2016-2020 жылдары Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әуе қорғанысы күштері бас қолбасшысының орынбасары (жауынгерлік дайындық жөніндегі орынбасары)-Әуе қорғанысы күштері бас қолбасшысы басқармасы Жауынгерлік дайындық және дене шынықтыру бас басқармасының бастығы болған.

Қазіргі қызметінде – 2020 жылдың қарашасынан.

Екінші дәрежелі «Айбын» орденімен және «Жауынгерлік ерлігі үшін» медалімен және басқа да медальдармен марапатталған.

59 жыл бұрын (1963) Алматы облысы әкімінің орынбасары Нұржан Кеңесұлы ҚҰДАЙБЕРГЕНОВ дүниеге келді.

1986 жылы Алматы архитектура - құрылыс институтын «Архитектор» мамандығы бойынша, 2010 жылы Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетін «Экономика және бизнес» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1986 жылы Қазақстанның фосфор өндірісі ғылыми - зерттеу институтында инженер болып бастаған.

Әр жылдары «Алматы бас жоспар» мемлекеттік жобалау институтының сәулетшісі, «Сәулет» шағын сәулет-өндірістік кәсіпорынының сәулетшісі, «ГеоСәулет» мемлекеттік коммуналдық қазынашылық кәсіпорнының инженер-сәулетшісі, Іле ауданы әкімі аппаратының бас маманы - бас сәулетшісі, Іле ауданы қала құрылысы және құрылыс бөлімінің бастығы, Текелі қаласының, Еңбекшіқазақ ауданы әкімінің орынбасары, Еңбекшіқазақ ауданы әкімінің бірінші орынбасары лауазымдарын атқарған.2019-2022 жж. Райымбек ауданының әкімі.

2022 жылдың қыркүйек айынан Алматы облысы әкімінің орынбасары қызметінде.

48 жыл бұрын (1974) Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік бақылау және аумақтық-ұйымдастыру бөлімінің мемлекеттік инспекторы Бақыт Дүйсенұлы ЖАҚАНОВ дүниеге келді.

Қызылорда қаласында туған. 1992 жылы Ыбырай Жақаев атындағы Қызылорда политехникалық институтына түсіп, 1996 жылы экономист-менеджер мамандығы бойынша бітірді.

1997-2001 жылдар аралығында Қызылорда облысының ауыл шаруашылығы департаментінің экономикалық бағдарлау, нарықтық қатынастар және мониторинг бөлімінің жетекші маманы және бөлім бастығы, стратегия, мониторинг және реформалар бөлімінің жетекші маманы, облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының маркетингтік зерттеу және өнімді тиімді сату жұмыстарын үйлестіру бөлімінің бастығы қызметін атқарған. 2002 жылдың сәуір айы мен қазан айы аралығында Қызылорда облыстық экономика басқармасының ақпараттық талдау жұмыстары және бақылау бөлімінің бастығы қызметін атқарған. 2002-2004 жылдар аралығында Қызылорда облысы әкімі аппаратының бас инспекторы қызметін атқарды. 2005-2008 жылдар аралығында Қызылорда облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу департаменті директорының орынбасары және 2008-2011 жылдар аралығында Қызылорда облысының ауыл шаруашылығы басқармасының бастығы қызметінде болды. 2011 жылдың шілде айынан қыркүйек айына дейін Қызылорда облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының бастығы қызметін атқарды. 2011 жылдың қыркүйек айынан 2013 жылдың ақпан айына дейін Қызылорда облысы әкімінің орынбасары қызметін атқарды. 2013 жылдың ақпан айынан бастап Қызылорда облысы Қазалы ауданының әкімі. 2015-2019 жылдары Қызылорда облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы болған.2019-2022 жж. – Қызылорда облысы әкімінің орынбасары.

Қазіргі қызметінде ­ 2019 жылдың сәуір айынан бастап.

39 жыл бұрын (1983) Конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі Н.Назарбаев орталығы Басқарма Төрағасының орынбасары Нұрлан Орынбасарұлы ЕСІМОВ дүниеге келді.

Л. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті «Заңгер» мамандығын, Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті «Менеджмент» мамандығын бітірген. «Болашақ» бағдарламасының түлегі – «Данди университеті» (Ұлыбритания) «Халықаралық коммерциялық құқық» магистрі.

Еңбек жолын 2005 жылы «Теміржолжылу» АҚ бастады. 2005-2006 жж. «Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы жанындағы материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасы» мемлекеттік мекемесінің бас маманы. 2006-2007 жж. «Әскерилендірілген темір жол күзеті» АҚ мемлекеттік сатып алу ұйымдастыру бөлімінің бас маманы.

2007-2008 жж. Көкшетау қаласы прокурорының көмекшісі. 2008-2014 жж. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Мемлекеттік мүлік құқықтарын қорғау департаментінің бас сарапшысы. 2014-2015 жж. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Инвестициялар комитетінің заң басқармасының басшысы. 2015-2017 жж. Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік бақылау және ұйымдастыру-аумақтық жұмыс бөлімінің инспекторы, мемлекеттік инспекторы. 2017-2020 жж. Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданының әкімі. 2020-2021 жж. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Сыртқы экономикалық ынтымақтастық департаментінің директоры болып жұмыс істеді.

2021 жылдың тамыз-қараша аралығында «Н. Назарбаев Конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту орталығы» КЕАҚ корпоративтік хатшысы.

2021 жылы 4 қарашада Конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі Н.Назарбаев орталығының Басқарма Төрағасының орынбасары болып тағайындалды.

35 жыл бұрын (1987) Қостанай қалалық прокурорының орынбасары Аслан Кәрімжанұлы СЫЗДЫҚОВ дүниеге келген.

Қостанай облысында туған. 2009 жылы Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін «заңгер» мамандығымен, 2012 жылы М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономика университетін «менеджмент» мамандығымен, 2018 жылы Орал мемлекеттік заң университетін «заң магистрі» мамандығымен тәмамдаған.

Еңбек жолын 2009 жылы «Тобыл-Торғай облысаралық балық инспекциясы» ММ бас маманы болып бастаған. 2009-2010 жылдары Рудный қалалық бөлім прокурорының көмекшісі, 2010-2015 жылдары Қостанай қалалық бөлім прокурорының көмекшісі, аға көмекшісі, 2015-2018 жылдары Қостанай қалалық прокуратурасы қоғамдық мүддені қорғау бөлімінің бастығы, 2018-2019 жылдары Қостанай аудандық прокурорының орынбасары болған.

Қазіргі қызметінде – 2019 жылдың сәуірінен.


Соңғы жаңалықтар