11 қазан күні елордада өтетін маңызды шаралар аңдатпасы

10.00-де Үкімет үйінде кезекті Үкімет отырысы өтеді.
Күн тәртібінде Қазақстан Республикасының 2022 жылғы қаңтар-қыркүйек айларындағы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындысы және республикалық бюджеттің атқарылуы, халықты жұмыспен қамтамасыз ету шаралары қаралады.
10.00-де Президент жанындағы орталық коммуникациялар қызметінде «Kazagro/Kazfarm-2022» көрмелері: ҚР егіншілерінің ІІ слеті және агроғылымның әлемдік жетістіктері» атты баспасөз мәслихаты өтеді.
Спикерлер: ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі Бағлан Бекбауов; ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Ауыл шаруашылығы департаментінің директоры Азат Сұлтанов; Көрменінік ұйымдастырушы, ExpoGroup директоры Шолпан Қожабаева.
Көрсетілім сілтемелері: Youtube, Facebook.
10.30-да «Астана» халықаралық қаржы орталығында Қазақстан-Нидерланды бизнес-форумы өтеді.
19.00-де Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымында «Арқаның ән-күй мұрасы» дәріс-концерті өтеді.
19.00-де Жастар театрында «Диляфуздың төрт күйеуі» комедиясы қойылады.
19.30-да «Барыс Арена» стадионында «Барыс» және «КуньЛунь РС» хоккей клубтары матч өткізеді.