11 қыркүйек күні Астанада өтетін маңызды іс-шаралар аңдатпасы

11.00-де Ішкі істер министрлігі онлайн көрсетілім форматында апталық брифинг өткізеді. Тақырыбы: «Ішкі істер органдарының табиғатты қорғау іс-шараларына қатысуы». Спикер: ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитеті Қару айналымын бақылау және табиғатты қорғау басқармасының бастығы Асылбек Ыдырысов.
11.00-де Астана қаласының №3 арнайы мектебіне жүргізілген жаңғырту жұмыстары таныстырылады. Бұл жұмыс «Қазақстан халқына» қорының қайырымдылық бағдарламасы аясында іске асты.
12.15-те Түркия Республикасының Сыртқы істер министрі Хакан Фиданның Қазақстанға ресми сапары өтеді. Сапар аясында Премьер-Министрдің орынбасары – ҚР Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеумен келіссөздер жүргізу жоспарланған.
15.00-де Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Роман Склярдың қатысуымен Қазақстан-Германия бизнес-форумы өтеді.