11 маусым. Тұлғалар туған күн

Бүгін, 11 маусым күні тұлғалардан кімдер дүниеге келген? Kazinform оқырмандарына есімдер күнтізбесін ұсынады. 

11 маусым. Тұлғалар туған күн
Фото: Kazinform/ Midjourney

ЕСІМДЕР

67 жыл бұрын (1958) «Агрофирма „Родина“ ЖШС бас директоры, құрылтайшысы, Қазақстанның ет-сүт одағының төрағасы, Қазақстанның Еңбек Ері Иван Адамович САУЭР дүниеге келді.

САУЭР Иван Адамович
Фото: eldala.kz

Ақмола облысында туған. Целиноград ауыл шаруашылығы институтын ауыл шаруашылығы өндірісін тетіктеу мамандығы бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолын 1980 жылы Целиноград ауданы «Красный флаг» кеңшарында бригадир болып бастаған. 1985-1987 жылдары «Красный флаг» кеңшарында бас инженер, 1987-1994 жылдары Целиноград ауданы «Родина» кеңшарының директоры, 1994-1996 жылдары «Родина» жеке отбасылық кәсіпорнының директоры, 1996-2005 жылдары «Родина» өндіріс кооперативінің директоры лауазымын атқарған.

2005 жылдың мамыр айынан бері қазіргі қызметінде.

«Отан» (2011), «Парасат» (2005), «Достық» (1996) ордендерімен, «Шапағат» (2000), «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 10 жыл» (2001), «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігіне 20 жыл» (2011) «Тыңға 50 жыл» (2004), «Астанаға 10 жыл» (2009), «Қазақстан полициясына 20 жыл» (2012), «Жеңістің 60 жылдығы» (2005) медальдарымен және т. б. марапатталған.

61 жыл бұрын (1964) Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі — Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы Ғизат Дәуренбекұлы НҰРДӘУЛЕТОВ дүниеге келген.

Ғизат Дәуренбекұлы НҰРДӘУЛЕТОВ
Фото: Akorda

Алматы облысында туған. 1986 жылы С. М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің заңгер мамандығын бітірген.

Еңбек жолы: 1987-1990 жылдары ұжымшар заңгері, 1990-1996 жылдары прокуратура органдарындағы қызмет, 1996-1997 жылдары ҚР Мемлекеттік тергеу комитетінің органдарында, 1997-2007 жылдары ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің органдарында қызмет атқарды, 2007-2017 жылдары Ұлттық қауіпсіздік комитеті Алматы облыстық департаментінің бастығы, 2017-2019 жылдары ҚР Бас прокурорының бірінші орынбасары, 2019-2022 жылдары ҚР Бас прокуроры лауазымында жұмыс атқарған.

Қазіргі қызметін 2022 жылдың ақпанынан атқарып келеді.

Екінші дәрежелі «Айбын», «Даңқ» ордендерімен марапатталған.

54 жыл бұрын (1971) «QazaqGaz» ҰК» АҚ аппарат басшысы Мұрат Амангелдіұлы ДӘРІБАЕВ дүниеге келді.

 Мұрат Амангелдіұлы ДӘРІБАЕВ
Фото: qazaqgaz.kz

Қызылорда облысында дүниеге келген. Алматы жол институтын бітірген, инженер-құрылысшы (1996); Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетін бітірген, экономист (2004).

Еңбек жолы: «ХУАСЕ» БК сату бөлімінің меңгерушісі (1994-1996); «ABC-Parfum» АҚ экономист (1996-1997); Қазақстан Республикасы Экономика министрлігіне қарасты Экономикалық зерттеулер институтының экономист, ғылыми қызметкері, шағын кәсіпкерлік бөлімінің сектор меңгерушісі (1997-2000); Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің әлеуметтік-экономикалық талдау бөлімінің бас сарапшысы, сектор меңгерушісі (2000-2002); Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Шағын кәсіпкерлікті қолдау комитеті төрағасының орынбасары (2002-2003); Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау агенттігі Көлік және телекоммуникация секторларын реттеу департаментінің директоры (2003-2004); Темір жол көлігі және порттар саласындағы реттеу және бақылау департаментінің директоры (2003-2004); Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Кәсіпкерлікті дамыту департаментінің аппарат басшысы, директоры (2004-2005); Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Қауіпсіздік Кеңесі Хатшылығының бас инспекторы (2005-2006); Қазақстан Республикасы Президентінің мүлкін басқару департаменті «Бүркіт» мемлекеттік әуе компаниясы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны директорының бірінші орынбасары (2006-2007), Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Әлеуметтік-экономикалық талдау бөлімі меңгерушісінің орынбасары (2007-2008); Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Сауда-саттық комитетінің төрағасы (2008) Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы (2009-2012); «СПК» АҚ басқарма төрағасы (2017-2018); «ҚазАгро» Ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамының басқарма мүшесі (2019-2019) «ҚазАгро» АҚ Басқарма Төрағасы (2019-2020);

2024 жылдың қазан айынан бастап қазіргі қызметінде.

45 жыл бұрын (1980) Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитеті төрағасының орынбасары Нұрлан Абайұлы ЕСЕМБАЕВ дүниеге келді.

Нұрлан Абайұлы ЕСЕМБАЕВ
Фото: Gov.kz

Павлодар облысы Успен ауданы, Богатырь ауылында туған.

Павлодар университетін «Автомобильдер және автомобиль өнеркәсібі» мамандығы бойынша бітірген (2003); Павлодар мемлекеттік педагогикалық институты, «Дене шынықтыру және спорт» мамандығы (2006); Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті, «Саясаттану» мамандығы (2016).

Еңбек жолы: Павлодар облысы, Константиновская орта мектебінің өндірістік оқыту шебері (2004); жетекші маман, бас маман, басқарма басшысы, Павлодар облысының туризмді және спортты дамыту басқармасы басшысының орынбасары.

2025 жылдың ақпан айынан бері қазіргі қызметінде.

41 жыл бұрын (1984) Көкшетау қаласының әкімі Әнуар Қайыргелдіұлы КҮМПЕКЕЕВ дүниеге келді.

Әнуар Қайыргелдіұлы КҮМПЕКЕЕВ
Фото: Gov.kz

Павлодар облысы, Павлодар қаласында дүниеге келген. М. В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетін бітірген, экономика бакалавры (2005); Брэдфорд университеті (Ұлыбритания) экономикалық саясат магистрі (2007); Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетін құрылыс мамандығы бойынша бітірген (2016).

Еңбек жолы: Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Экономика және қаржы департаментінің жетекші маманы, бас маманы (2005-2006); Қазақстан Республикасы Ұлттық биотехнология орталығы РМК маркетинг және коммерцияландыру департаментінің директоры, стратегиялық даму департаментінің директоры (2007-2008); коммерциялық құрылымдардағы басшылық лауазымдар (2008-2009); «Қазақстандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты жаңғырту және дамыту орталығы» АҚ Ғылыми-техникалық саясат және стандарттау департаментінің директоры, басқарушы директор — Басқарма мүшесі (2009-2012); Ақмола облысы Степногорск қаласы әкімінің орынбасары (2012-2015); Ақмола облысы Степногорск қаласының әкімі (2015-2018); Павлодар қаласының әкімі (2018-2019); «Транстелеком» АҚ басқарма төрағасының кеңесшісі (2019-2020); «Транстелеком» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары (2020-2024); Ақмола облысы әкімінің кеңесшісі (2024).

2024 жылдың қараша айынан бастап қазіргі қызметінде.

Соңғы жаңалықтар