13:19, 10 Сәуір 2019 | GMT +5
11 сәуір күні елордада дабыл қағылады
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 11 сәуір күні Нұр-Сұлтан қаласында құлақтандыру жүйелерін тексеру үшін дабыл қағылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат қалалық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«11 сәуір күні 09 сағат 55 минутта теле-радио арналарды ұстап қалу және электродабылдарды қосу арқылы Нұр-Сұлтан қаласының құлақтандыру жүйелері тексеріледі. Төтенше жағдай орын алған кезде немесе сондай қауіп төнген кезде электродабылдар немесе басқа да дабыл құралдары қосылады, ол «Баршаның назарына!» бірыңғай құлақтандыру дабылын білдіреді. Бұл дабылды естіген кезде тұрғындар іс-әрекет туралы нұсқау мен ақпарат алу үшін міндетті түрде қолайлы ақпарат қабылдау құралдарын (теледидарлар, радиолар және тағы басқа) қосуы керек» делінген хабарламада.
Нұр-Сұлтан қаласы төтенше жағдайлар департаменті қала тұрғындарын сабыр сақтап, үрейленбеуге шақырады.