13:17, 01 Маусым 2022 | GMT +6
11-сынып оқушысы Михаил Шут Президентке «Алпамыс батыр» жырын оқып берді
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - «Алматы БалаFEST» қалалық балалар фестивалінде №187 мектептің 11-сынып оқушысы Михаил Шут «Алпамыс батыр» жырынан үзінді оқыды, деп хабарлайды Ақорда.
Сонымен қатар ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Халықаралық балаларды қорғау күніне орай «Алматы БалаFEST» қалалық балалар фестивалінің қорытынды іс-шарасына барған кезде синхронды шахматтың ашық сессиясында алғашқы жүрісін жасап берді.
Ал фестивальдегі «Robo Land» алаңқайында 9 жасар Дэниел Ким Қасым-Жомарт Тоқаевқа өзі жайында және робототехникадағы жетістіктері туралы ағылшын тілінде айтып берді.