11 тамыз. Тұлғалар туған күн
Бүгін, 11 тамыз күні тұлғалардан кімдер дүниеге келген? Kazinform оқырмандарына есімдер күнтізбесін ұсынады.
ЕСІМДЕР
63 жыл бұрын (1961) ҚР Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нұралыұлы НЫСАНБАЕВ дүниеге келген.
Алматы облысында туған. Қазақ ауыл шаруашылығы институты және Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетін тәмамдады. Орман шаруашылығы инженері, қаржы саласының маманы, ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты.Еңбек жолын 1983 жылдың қыркүйек айында Алматы облысындағы орман шаруашылығының шебері ретінде бастады.
2006 жылдан 2009 жылға дейін «Астана-Зеленстрой» АҚ-ның бас директоры қызметін атқарды. 2009 жылдан ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы комитетінің төрағасы болған.
2013-2014 жылдары ҚР Қоршаған ортаны қорғау вице-министрі болды. ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі (2014-2019). ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі (2019-2021). C.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті ҰАҚ Басқарма төрағасының орынбасары (2021-2023).
Қазіргі қызметінде - 2023 жылдың наурыз айынан бастап. «Астанаға 10 жыл» мерейтойлық медалімен, «Ерен еңбегі үшін» медалімен, «Құрмет» орденімен марапатталған.
61 жыл бұрын (1963) VIII сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Бауыржан Әміржанұлы СМАҒҰЛОВ дүниеге келді.
Қарағанды қаласында туған. Қарағанды медицина институтын (1986), Қарағанды экономикалық университетін экономист-менеджер мамандығы бойынша, Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті, Ресей Федерациясы Президентінің жанындағы Ресей мемлекеттік басқару академиясын бітрген (2007). Техника ғылымдарының кандидаты
Еңбек жолы: Қарағанды қалалық жедел жәрдем ауруханасының нейрохирург дәрігері (1986-1990), Ресей Медицина ғылымдары академиясының нейрохирургия институтының клиникалық ординаторы (1990-1995), Қарағанды облысы әкімінің кеңесшісінің көмекшісі (1995-1997), «Жекешелендіру және инвестициялау бюросы» ЖШС маркетинг бөлімінің бастығы (1997-2000), «Болашақ» қазіргі білім беру институтының оқытушысы (2000-2003), «Astana Constructive» компаниясының директорлар кеңесінің төрағасы, «Мақсат-S» ЖШС директоры (2003-2005), Қарағанды облыстық аумақтық қоршаған ортаны қорғау басқармасының бастығы (07.2005-03.2008), Нұра-Сарысу экология басқармасының бастығы (03.2008-05.2010), Қарағанды облысы әкімінің орынбасары (05.2010-08.2012), Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігі төрағасының орынбасары (08.2012-2013), ҚР Өңірлік даму министрлігі Жер ресурстарын басқару комитетінің төрағасы (01.08.2013-08.2014), ҚР Ұлттық экономика министрлігі Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері және жер ресурстарын басқару комитеті төрағасының орынбасары (08.2014-11.2014), ҚР Ұлттық экономика министрлігі Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы және жер ресурстарын басқару комитеті төрағасының міндетін атқарушы (14.11.2014-02.02.2015), ҚР Ұлттық экономика министрлігі Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық құрылысы және жерге орналастыру комитеті төрағасының орынбасары, ҚР Ұлттық экономика министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасының орынбасары, «Электр энергетикасын дамыту және энергия үнемдеу институты» (Қазақэнергосараптама) АҚ басқарма төрағасы қызметін атқарды.
2023 жылдың наурыз айынан бері қазіргі қызметінде.
56 жыл бұрын (1968) Батыс Қазақстан облысының әкімі Ғауез Тұрсанұлы НҰРМҰХАМБЕТОВ дүниеге келді.
Қостанай облысы Қарасай ауданының Майский ауылында туған. 1992 жылы Целиноград ауыл шаруашылығы институтын «ғалым агроном» мамандығы бойынша, 2002 жылы Ресейдегі Челябі мемлекеттік университетін «заңгер» мамандығы бойынша, 2008 жылы Қостанай инженерлік-экономикалық университетін «экономика бакалавры» мамандығы бойынша тәмамдады.
Еңбек жолын 1992 жылы Торғай облысы Октябрь ауданының Вильямс атындағы совхоздың бас агрономы ретінде бастаған. 1994 - 1996 жылдар аралығында Қостанай облысы Қостанай ауданының Московский совхозының бас агрономы болды. 1996-1997 жылдары «Боскөл» ҰЖШК директоры, Қостанай облысы Комсомол ауданының «Боскөл» өндірістік кооперативінің директоры. 1997-2002 жылдары Қостанай облысы Таран ауданының әкімі, 2002-2008 жылдары Қостанай облысы Қарабалық ауданының әкімі, 2008-2009 жылдары Қостанай облысы Костанай қаласының әкімі, 2009-2011 жылдары «Содружество» ӨТК» ЖШС директорының орынбасары, 2011-2012 жылдары Қостанай облысы Әулиекөл ауданының әкімі, 2012-2014 жылдары Костанай қаласының әкімі қызметін атқарды. 2014 - 2015 жылдары ҚР Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік бақылау және аумақтық-ұйымдастыру жұмысы бөлімінің бас инспекторы. 2015-2023 жылдары Қостанай облысы әкімінің бірінші орынбасары болды.
2023 жылдан қазіргі қызметінде
34 жыл бұрын (1990) қазақстандық кәсіпқой боксшы, Олимпиада ойындарының екі дүркін қола жүлдегері Иван Фёдорович ДЫЧКО дүниеге келді.
Қостанай облысында туған. Рудный индустриялық институтында оқыды.
Жастар мен жасөспірімдар арасындағы ҚР чемпионы, көптеген халықаралық жарыстар мен турнирлерге қатысып, жүлдегер атанған, Гуанчжоуда өткен бокстан Азия ойындарының күміс жүлдегері. ҚР Президенті Н.Назарбаевтың жүлдесі үшін халықаралық турнирде бірінші орынға ие болды.
Олимпиада ойындарының екі дүркін жүлдегері (Лондон-2012, Рио-де-Жанейро-2016), әлем чемпионатының үш дүркін жүлдегері (екі күміс - Алматы-2013, Доха-2015, бір қола - Баку-2011), Азия чемпионы (Амман-2013), Азия ойындарының чемпионы (Инчхон-2014) және күміс жүлдегері (Гуанчжоу-2010). 2015 жылы Қазақстанның үздік боксшысы деп танылған. Қазіргі таңда кәсіпқой рингте жұдырықтасады.