11 тамыз. Тұлғалар туған күн

Бүгін, 11 тамыз күні тұлғалардан кімдер дүниеге келген? Kazinform оқырмандарына есімдер күнтізбесін ұсынады.

Тұлғалар туған күн
Фото: Kazinform/Midjourney

ЕСІМДЕР

64 жыл бұрын (1961) ҚР Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нұралыұлы НЫСАНБАЕВ дүниеге келген.

Ерлан Нұралыұлы НЫСАНБАЕВ
Фото: Gov.kz

Алматы облысында туған. Қазақ ауыл шаруашылығы институты және Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетін тәмамдады. Орман шаруашылығы инженері, қаржы саласының маманы, ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты.

Еңбек жолын 1983 жылы Алматы облысындағы орман шаруашылығының шебері ретінде бастады. 2006-2009 жылдары «Астана-Зеленстрой» АҚ-ның бас директоры қызметін атқарды. 2009-2013 жылдары ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы комитетінің төрағасы болған.

2013-2014 жылдары ҚР Қоршаған ортаны қорғау вице-министрі, 2014-2019 жылдары ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі, 2019-2021 жылдары ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі, 2021-2023 жылдары C.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті ҰАҚ Басқарма төрағасының орынбасары, 2023 жылы Астана қаласы әкімінің кеңесшісі лауазымын атқарды.

Қазіргі қызметінде — 2023 жылдың қыркүйек айынан бастап.

«Парасат», «Құрмет» ордендерімен, «Ерен еңбегі үшін», «Астананың 10 жылдығы» медальдарімен марапатталған.

62 жыл бұрын (1963) VIII сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Бауыржан Әміржанұлы СМАҒҰЛОВ дүниеге келді.

Бауыржан Әміржанұлы СМАҒҰЛОВ
Фото: parlam.kz

Қарағанды ​​қаласында туған. Қарағанды ​​медицина институтын, Қарағанды ​​экономикалық университетін экономист-менеджер мамандығы бойынша, Қарағанды ​​мемлекеттік техникалық университетін, Ресей Федерациясы Президентінің жанындағы Ресей мемлекеттік басқару академиясын бітірген. Техника ғылымдарының кандидаты

Еңбек жолы: 1989-1990 жылдары Қарағанды ​​қалалық жедел жәрдем ауруханасының нейрохирург дәрігері, 1990-1995 жылдары Ресей Медицина ғылымдары академиясының нейрохирургия институтының клиникалық ординаторы, 1995-1997 жылдары Қарағанды ​​облысы әкімінің кеңесшісінің көмекшісі, 1997-2000 жылдары «Жекешелендіру және инвестициялау бюросы» ЖШС маркетинг бөлімінің бастығы, 2000-2003 жылдары «Болашақ» қазіргі білім беру институтының оқытушысы, 2003-2005 жылдары «Astana Constructive» компаниясының директорлар кеңесінің төрағасы, «Мақсат-S» ЖШС директоры, 2005-2008 жылдары Қарағанды ​​облыстық аумақтық қоршаған ортаны қорғау басқармасының бастығы, 2008-2010 жылдары Нұра-Сарысу экология басқармасының бастығы, 2010-2012 жылдары Қарағанды ​​облысы әкімінің орынбасары, 2012-2013 жылдары ҚР Жер ресурстарын басқару агенттігі төрағасының орынбасары, 2013-2014 жылдары ҚР Өңірлік даму министрлігі Жер ресурстарын басқару комитетінің төрағасы, 2014 жылы ҚР Ұлттық экономика министрлігі Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері және жер ресурстарын басқару комитеті төрағасының орынбасары, 2014-2015 жылдары ҚР Ұлттық экономика министрлігі Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы және жер ресурстарын басқару комитеті төрағасының міндетін атқарушы лауазымын атқарған. ҚР Ұлттық экономика министрлігі Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық құрылысы және жерге орналастыру комитеті төрағасының орынбасары, ҚР Ұлттық экономика министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасының орынбасары, «Электр энергетикасын дамыту және энергия үнемдеу институты» (Қазақэнергосараптама) АҚ басқарма төрағасы қызметін атқарды.

2023 жылдың наурыз айынан бері қазіргі қызметінде.

52 жыл бұрын (1973) Маңғыстау облысы әкімінің бірінші орынбасары Ербол Күрентайұлы ІЗБЕРГЕНОВ дүниеге келді.

Ербол Күрентайұлы ІЗБЕРГЕНОВ
Фото: Gov.kz

Маңғыстау облысы Қарақия ауданы Құрық ауылында туған. 1994 жылы Алматы құрылыс және менеджмент колледжін «ғимараттар мен үй мәреттерді салу және пайдалану» мамандығы бойынша, 2007 жылы РМҚК «Ш. Есенов атындағы Ақтау мемлекеттік университеті» «Өнеркәсіптік және азаматтық құрылыс» мамандығы бойынша бітірді.

Еңбек жолын 1991 жылы «Мангыстаунефтегазразветка» Кешенді экспедициясы Құрылыс-жинақтау учаскесінің тас қалаушысы болып бастаған. 1994-1996 жылдары«КаламкасСтрой» вахталық құрылыс мекемесінің тас қалаушысы, 1997 жылы «КаспийКоопСервис» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің шебері, 1997-2000 жылдары «Альбина» пәтер иелерінің кооперативінде участке бастығы, бас инженер, 2000-2003 жылдары «West Kazakhstan Construction» ЖШС техникалық директоры, 2003-2004 жылдары «Корпорация Kuat» АҚ Ақтау филиалының өңдеу учаскесінің жұмыс өндірушісі, 2004 жылы Ақтау қаласы әкімі аппаратының сәулет және қала құрылыс бөлімінің бас маманының міндетін атқарушы, 2004 жылы Ақтау қаласы әкімі аппаратының сәулет және қала құрылыс бөлімінің бас маманы, 2004-2005 жылдары Маңғыстау поселкесі әкімінің орынбасары, 2005-2007 жылдары Қызылтөбе селолық округінің әкімі, 2007-2011 жылдары Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданы әкімінің орынбасары, 2012 жылы ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Әкімшілік депатаментінің күрделі құрылыс және материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасы бас сарапшысының міндетін атқарушы, 2012 жылы ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Әкімшілік депатаментінің күрделі құрылыс және материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасының бас сарапшысы, 2012 жылы Маңғыстау облысы Құрылыс басқармасының бастығы, 2014 жылы ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитетінің Ішкі әкімшілік ету басқармасы басшысының міндетін атқарушы, 2014 жылы ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитетінің Ішкі әкімшілік ету басқармасы басшысының міндетін атқарушы, 2014 жылы ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитетінің Ішкі әкімшілік ету басқармасының басшысы, 2014-2015 жылы ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитетінің Ішкі әкімшілендіру басқармасының басшысы, 2015 жылы ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Инвестициялық жобалар басқармасының басшысы, 2019-2020 жылдары «Ақтау теңіз порты» Арнайы экономикалық аймақ» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары, 2020 жылы «Атамекен» республикалық кәсіпкерлік палатасының директоры, 2020 жылы «Ақтау теңіз порты» Арнайы экономикалық аймақ» АҚ басқарма төрағасының кеңесшісі, 2020 жылы Ақтау қаласы әкімі орынбасарының міндетін атқарушы, 2020-2022 жылдары Ақтау қаласы әкімінің орынбасары, 2022-2023 жылдары Ақтау қаласының әкімі лауазымын атқарды.

Қазіргі қызметін 2024 жылдың маусым айынан бері атқарып келеді.

48 жыл бұрын (1977) Алматы қаласы әкімі аппаратының басшысы Ерлан Шойұлы ИСАБЕКОВ дүниеге келді.

 Ерлан Шойұлы ИСАБЕКОВ
Фото: instagram.com/prokadrykz/

Жетісу облысы Қаратал ауданы Тастөбе ауылында туған. Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетін, «Болашақ» бағдарламасы бойынша Джорджтаун университетін (АҚШ) бітірген. Қолданбалы математика, экономика магистрі дәрежесіне ие.

Еңбек жолы: 1999-2000 жылдары Алматы қаласы № 131 мектеп-лицейінің математика пәнінің мұғалімі болды. 2000-2002 жылдары Мемлекеттік кірістер министрлігінде түрлі лауазымдарда жұмыс істеді. 2002-2008 жылдары Қаржы министрлігінің Кедендік бақылау органдарында қызмет атқарды. 2008-2009 жылдары Премьер-Министр Кеңсесі Әлеуметтік-экономикалық бөлімінің бас сарапшысы, 2009-2015 жылдары Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі Есеп комитетінде басшылық лауазымдарда жұмыс істеді. 2015-2018 жылдары Президент Әкімшілігінде мемлекеттік бақылау және аумақтық-ұйымдастыру жұмысы бөлімінің инспекторы, 2018-2021 жылдары Ақмола облысы Егіндікөл ауданының әкімі, 2021-2023 жылдары Қаратал ауданының әкімі, 2023-2025 жылдары Президент Әкімшілігіне қарасты мемлекеттік бақылау бөлімінің мемлекеттік инспекторы болып қызмет етті.

2025 жылдың маусым айынан бастап Алматы қаласы әкімі аппаратының басшысы қызметін атқарады.

43 жыл бұрын (1982) Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің аппарат басшысы Батырбек Сұлтанұлы ӘБДІЛДИН дүниеге келді.

Батырбек Сұлтанұлы ӘБДІЛДИН
Фото: primeminister.kz

Қостанай облысында туған. А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетін және Орталық Азия университетін тәмамдаған.

Еңбек жолын 2001 жылы шетелдік коммерциялық ұйымның өкілі ретінде бастаған. 2002-2005 жылдары ҚР Индустрия және сауда министрлігінің «Құрылыс консалтинг» АҚ маманы, мемлекеттік сатып алу бөлімінің басшысы, директорының орынбасары қызметін атқарды. 2005-2009 жылдары жеке ұйымдарда басшылық қызметтер атқарды. 2009-2011 жылдары «Заманауи медициналық технологияларды енгізу орталығы» РМК мемлекеттік сатып алу және материалдық қамтамасыз ету бөлімінің басшысы, директор орынбасары болды. 2011-2015 жылдары «Астана қаласы әкімдігінің № 1 қалалық ауруханасы» МКК бас дәрігерінің орынбасары ретінде жұмыс істеді. 2015-2020 жылдары жеке секторда еңбек еткен. 2018-2019 жылдары Қазақстанның медициналық туризм қауымдастығының атқарушы директоры, 2020-2021 жылдары ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Жобалық кеңсесінің басшысы, 2021-2024 жылдары ҚР Денсаулық сақтау министрлігі аппаратының басшысы, 2024-2025 жылдары «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ Басқарма Төрағасының кеңесшісі лауазымын атқарған.

Қазіргі қызметін 2025 жылғы сәуір айынан бастап атқарып келеді.

«Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталған.

35 жыл бұрын (1990) қазақстандық кәсіпқой боксшы, Олимпиада ойындарының екі дүркін қола жүлдегері Иван Фёдорович ДЫЧКО дүниеге келді.

Иван Фёдорович ДЫЧКО
Фото: olympic.kz

Қостанай облысында туған. Рудный индустриялық институтында оқыды.

Жастар мен жасөспірімдар арасындағы ҚР чемпионы, көптеген халықаралық жарыстар мен турнирлерге қатысып, жүлдегер атанған, Гуанчжоуда өткен бокстан Азия ойындарының күміс жүлдегері. ҚР Президенті Н.Назарбаевтың жүлдесі үшін халықаралық турнирде бірінші орынға ие болды.

Олимпиада ойындарының екі дүркін жүлдегері (Лондон-2012, Рио-де-Жанейро-2016), әлем чемпионатының үш дүркін жүлдегері (екі күміс — Алматы-2013, Доха-2015, бір қола — Баку-2011), Азия чемпионы (Амман-2013), Азия ойындарының чемпионы (Инчхон-2014) және күміс жүлдегері (Гуанчжоу-2010). 2015 жылы Қазақстанның үздік боксшысы деп танылған. Қазіргі таңда кәсіпқой рингте жұдырықтасады.

Соңғы жаңалықтар