11 жасар бала аяқ астынан тап берген аюдан туыстарын құтқарды

АСТАНА. ҚазАқпарат -11 жасар Эллиот Кларк Аляскадағы орманда серуендеп жүрген туыстарын аюдың тырнағынан аман алып қалды. 

11 жасар бала аяқ астынан тап берген аюдан туыстарын құтқарды

Кларк орманда әкесімен, атасымен және немере ағасымен бірге жүрген. Кенеттен шыға келген жыртқыш оның атасына бас салған. Бала шалт қимылдап, аюды атып үлгерді. Алайда бірінші оғы айдалаға кетті, бірақ артынан атқандары жыртқыштың иығына және мұрнына тиді. Баланың әкесінің айтуынша, оларды ұлының мылтықты иығында емес, қолында ұстап келе жатқандығы құтқарған. Атасының да қаруы болған, бірақ аяқ астынан жыртқыш тап бергенде мылтықты иығынан алуға үлгере алмаған, деп хабарлайды Associated Press.