11:09, 05 Қыркүйек 2017 | GMT +5
11 жасар қазақстандық шахматтан әлем чемпионатында «қола» иеленді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астаналық 11 жасар Әмина Қайырбекова шахматтан қыздар мен жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында қола жүлде иеленді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі академик Шахмардан Есенов атындағы ғылыми білім беру қорына сілтеме жасап.

Чемпионат 21-31 тамыз аралығында Бразилияның Посус-ди-Калдас қаласында өтті.
Жас шахматшы Әмина Қайырбекова алдағы уақытта 2018 жылы өтетін әлем чемпионатына қатысады.