11 желтоқсан. ҚАЗАҚПАРАТ КҮНТІЗБЕСІ: АТАУЛЫ КҮНДЕР, ОҚИҒАЛАР, ЕСІМДЕР
![None None](/static/img/plug.webp)
11 желтоқсан БЕЙСЕНБІ
Халықаралық таулар күні. 2004 жылдан бері БҰҰ шешімі бойынша «Бейбітшілік - таулардың тұрақты дамуына кілт» атты ұранмен өткізіледі. Жер шарының шамамен төрттен бірін алып жатқан таулар 10 пайызға жуық тұрғындардың үйі. Бұл - өсімдіктер мен жануарлардың сирек кездесетін көптеген түрлері үшін қорық, жердегі негізгі өзендердің қайнар көзі.
Демікпенің дүниежүзілік күні. Қолқа демікпесі ауруына назар аударту мақсатында Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бастамасымен атап өтіледі. Бұл күннің негізгі мақсаты - денсаулық саласындағы күрделі проблемалардың бірі болып саналатын демікпе дертінің себеп-салдарларымен халықты жан-жақты таныстыру. Оны жеңу жолында ғылым саласында жасалған жаңалықтар туралы хабарлау.
Бүгінде әлемде 300 миллион адам демікпемен ауырады. Ол көбіне нашар экологияның салдарынан пайда болады.
Халықаралық танго күні. «Танго королі» Карлос Гарделдің туған күніне байланысты желтоқсанның 11-і күні аталып өтеді.
«Танго» сөзі биден бұрын пайда болған. Бұл сөзді басында Канар аралдарында қолданған, оның мағынасы - «негрлердің билеп және барабанда ойнау үшін жиналысы».
Дүниежүзілік балаларға арналған хабар тарату күні
1994 жылғы сәуірде Каннда БҰҰ (ЮНИСЕФ) Балалар қорының өкілдері МИП-ТВ халықаралық телебағдарламалар нарығында жариялады.
ЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР
68 жыл бұрын (1946) БҰҰ-ның Балалар қоры екінші дүниежүзілік соғыстан зардап шекен елдердің балаларына көмек көрсету үшін уақытша ұйым ретінде құрылған. Алғаш «Балаларға көмек көрсететін халықаралық төтенше қор» деп аталған. 1953 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясының шешімімен ол БҰҰ құрылымының бір жүйесі ретінде бекітілді. Қор тек соғыс зардабына ұшырағандарға ғана емес, сонымен бірге ашаршылық пен індет жайлаған, босқыншылық көрген елдердің балаларына да қолұшын береді. Бүгінгі таңда қорға 50-ден астам мемлекет мүше. Штаб-пәтері Нью-Йорк қаласында орналасқан. 1994 жылы Қазақстанда БҰҰ Балалар қорының өкілдігі құрылды.
24 жыл бұрын (1990) КСРО басшысы М.Горбачевтің Бауыржан Момышұлына Кеңес Одағының Батыры атағын беру туралы жарлығы шықты.
22 жыл бұрын (1992) Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Қазақстан Республикасы Мемлекеттік әнұранының мәтінін бекіту туралы қаулысы жарық көрді.
2006 жылғы қаңтардың 6-ында Қазақстан Республикасының жаңа әнұраны болып бүкіл қазақстандықтардың ұлттық қазынасына айналған, жалпы халық мойындаған Шәмші Қалдаяқовтың «Менің Қазақстаным» әні бекітілді. Сондай-ақ, әнұранның мәтіні бойынша белгілі ақын Жұмекен Нәжімеденовтің сөзіне бірқатар өзгерістер енгізілген Елбасы Н.Назарбаевтың ұсынған нұсқасы қабылданды. Сондықтан да заң жобасы бойынша, жаңа әнұранның әнін жазған Шәмші Қалдаяқов, сөзін жазғандар - Ж.Нәжімеденов пен Н.Назарбаев.
17 жыл бұрын (1997) ҚР Президенті Н.Назарбаев Ресей қолданбалы ғылымдар академиясының құрметті мүшесі болып сайланды.
16 жыл бұрын (1998) Астанада ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қалың елім, қазағым» атты кітабының тұсаукесер рәсімі өтті.
16 жыл бұрын (1998) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Жарғысы бекітілді.
9 жыл бұрын (2005) Астанада Қазақстанның Ұлттық банкі күміс монеталардың үш коллекциясын сатуға шығарды. Бұл - номиналдық құны 500 теңге болатын 3 мың дана «Жайран», 3 мың дана «Жошы ханның кесенесі» және 5 мың дана «Жолбарыстың басы» монеталар. Монеталар арнайы қорапқа салынып, олардың сапасы сертификатпен расталған.
9 жыл бұрын (2005) Алматыда израильдік жас қаламгер Алон Давидовтың «Құдайдың қолын сырттан қою» атты кітаптың таныстырылымы болып өтті.
Шығарманы таныстыру рәсіміне автормен қатар, қоғам қайраткері, ақын Олжас Сүлейменов, Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» ұлттық компаниясының Бас директоры Сергей Әзімов, «Книголюб» журналының редакторы Лилия Клаус пен Оңтүстік Африка Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Беки Гила мырза қатысты. Автор өз туындысында қасиетті Құран мен Тәурат кітаптарындағы сөздерді пайдалана отырып, детективті жанрды тиімді қолдана білген. Онда Джекоб есімді екіжүзді адамның іс-әрекетіне жан-жақты баға беріледі. Бұл адам бір жағынан, әлемге қауіп төндіруші жауыз ретінде сипатталса, екінші жағынан, оның адамдарды қорғап қалуда дұрыс бағыт ұстанатыны да айтылады.
Кітап алғаш рет осыдан жеті жыл бұрын ағылшын тілінде жарық көрген болса, орыс тіліндегі аудармасына қазақстандық мамандардың ұсынысымен бірқатар өзгерістер енгізіліп, қайта басылып шықты.
8 жыл бұрын (2006) Алматыда Шайх-Асан Курайшин ас-Сунна деген атпен танымал журналист Асан Сарқұловтың «Заман көшіндегі дін ақиқаты» атты кітабының тұсаукесері болды. Ол кітапта Қазақстанда мұсылман дінін тарату туралы, ислам дінінің дамуы туралы және де осы тақырыпта басқа жаңа баспалар шығару туралы жазылған. Кітаптың тиражы үш мыңға жуық.
8 жыл бұрын (2006) Батыс Қазақстан облысының Жаңақала ауданы орталығында танымал қоғам қайраткері Сәтқали Сапаровтың тұрған үйіне ескерткіш тақта орнатылды. С.Сапаров (1928-1976) 14 жыл ішінде аймақтағы үш ауданды - Зеленовка ауданын (1962-1963), Тасқала ауданын (1963-1972) және Жаңақала ауданын (1972-1976) басқарды. Ол басқарған аудандардың дамуына сіңірген еңбегі үшін екі мәрте Еңбек Қызыл Ту, «Құрмет белгісі» ордендерімен марапатталды. Жаңақала ауылының орталық көшелерінің біріне есімі берілген.
7 жыл бұрын (2007) Оралда «Батыс Қазақстанның скифтері» атты кітап жарық көрді.
Батыс Қазақстан облыстық тарих және археология орталығының жинақтауымен шыққан басылымда тек батысқазақстандықтар ғана емес, сондай-ақ Мәскеу, Челябі және Ақтөбе ғалымдарының еңбектері де топтастырылған. Кітап ерте темір дәуірінде қазіргі Батыс Қазақстан аумағын мекен еткен скифтер мәдениеті, Ақ Жайықтың тарихи және мәдени ескерткіштері, археологиялық жерлері туралы сыр шертеді.
5 жыл бұрын (2009) Ақтөбе қаласындағы бір көшеге Бөкенбай батыр аты берілді.
Бөкенбай Қараұлы (т.ж.б.-1741) - Әбілқайыр хан жасағы қолбасшыларының бірі, батыр. Жоңғарлармен күресте Әбілқайыр ханмен бірге болып, қазақ жасақтарының үлкен бір тобына қолбасылық жасады. 1710 жылы Тәуке ханның ықпалымен өткен Қарақұмдағы халық құрылтайына қатысып, онда жауға тегеуірінді соққы беру үшін бытыраңқы қазақ жасақтарын біріктіру жөнінде ұсыныс білдірді. 1726 жылы Әбілқайырдың Еділ қалмақтарына жасаған жорығына қатысты. Бөкенбай батыр 1741 жылы 500 адамнан тұратын жасақпен түркімендерге жорық ұйымдастырды. Ол осы жорық кезінде түркімендермен болған шайқаста қаза тапты. Қазіргі Ақтөбе облысының Ырғыз ауданындағы қыраттың бірін халық Бөкенбай батырдың құрметіне «Бөкенбай шоқысы» деп атап кеткен.
5 жыл бұрын (2009) Алматыда ҚР ҰҒА академигі Әбдуәли Қайдардың 85 жылдығына арналған «Этнос және тіл» атты халықаралық конференция өтті.
5 жыл бұрын (2009) Астанада ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында «Кореяға терезе» ақпараттық орталығы ашылды.
Орталық әлем әдебиеті залына орналастырылды, Корея Республикасының Ұлттық кітапханасы оған 500 кітап, CD- және DVD-дискілер, журналдар, анықтамалық әдебиеттер, компьютер, DVD-күйтабағы және проектормен теледидар табыс етті.
5 жыл бұрын (2009) ЕурАзЭО Мемлекетаралық кеңесінің 25-ші отырысы барысында үкімет басшылары капитал қозғалысына байланысты операцияларды реттеу және бақылау бойынша ЕурАзЭО-ға мүше мемлекеттердің валюталық саясатының негізі болатын қағидаттар туралы келісімге қол қойды.
4 жыл бұрын (2010) Астанада Тәуелсіздік сарайында кәсіби фотосуретші Шүкір Шахайдың жеке көрмесі ашылды. Бірегей экспозициядарда шебер республикамызда 1991 жылғы желтоқсаннан бастап бүгінгі күнге дейінгі тәуелсіздік тарихы бейнеленген. Көрменің басты жәдігерліктері - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың санқырлы қызметіне арналған.
4 жыл бұрын (2010) Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы мемлекеттері басшылары кеңесінің кезекті отырысына қатысты. Отырыс барысында мемлекет басшылары өңірде интеграциялық үрдістерді тереңдетуге, кеңейтуге бағытталған ТМД шеңберінде ынтымақтастықтың маңызды мәселелерін талқылады. Достастық қызметінің қорытындылары шығарылды.
3 жыл бұрын (2011) Л.Н. Гумилев атындағы Еуразиялық ұлттық университетінде «Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев» библиографиялық көрсеткіші және кіріспе сөзін Мемлекет басшысы жазған «Мысырдағы мәмлүк сәулетінің тарихы» атты кітап таныстырылды.
Кітап мазмұны оқырмандарына мәмлүктердің ежелгі, өшпейтін төл мәдениетінің кілтін табуға мүмкіндік береді.
2 жыл бұрын (2012) Астанада Түркітілдес елдердің парламентаралық Ассамблеясының халықаралық байланыс бойынша комиссиясының 2-ші отырысы өтті, онда Түркі кеңесі ТҮРКСОЙ және ТүркіПА тарихи, мәдени, тіл ортақтығына сүйене отырып, қатынастарды нығайту негізінде өз қызметін жалғастыратын түркі әлеміндегі көпжақты ынтымақтастықты күшейту, оның ішінде құндылықтарды сақтап, келешек ұрпаққа табыстауда маңызды рөлге ие екені атап өтілді.
2 жыл бұрын (2012) Минскіде «Посткеңестік кеңістіктегі интеграциялық үрдістер және жаңа медиа» атты тақырыптағы жыл сайынғы жетінші еуропалық және азиялық медиа форум ашылды. Оның жұмысына ТМД, Грузия елдерінің жетекші БАҚ-тарының 200-ден астам басшылары қатысты.
2 жыл бұрын (2012) Астанада «Орталық Азия және Ауғанстан кәсіпкер әйелдердің бизнес-қауымдастығы» құрылды. Қауымдастық құрудың негізгі мақсаты Орталық Азия мен Ауғанстан кәсіпкер әйелдері арасында мемлекетаралық экономикалық ынтымақтастықты жолға қою болып табылады.
2 жыл бұрын (2012) Өскеменде Борис Щербаков пен Виктор Понявиннің «Шығыс Қазақстан - Еуразия жүрегі» атты кітабы таныстырылды. Шығармаға 40 жыл жиналған далалық экспедиция материалдары топтастырылған.
2 жыл бұрын (2012) Вашингтонда ҚР Қорғаныс министрлігінің делегациясы ҚР, АҚШ қорғаныс ведомстволары арасындағы екіжақты консультацияға қатысты, онда тараптар 2013-2017 жылдарға арналған ынтымақтастықтың бесжылдық жоспарына қол қойды.
2 жыл бұрын (2012) Павлодарда 100-жылдығы қарсаңында прозашы және драматург Зейін Шашкинге ескерткіш қойылды.
Зейін Шашкин Павлодар облысы Баянауыл ауданында шаруа отбасында дүниеге келген. Мәскеу редакциялық-баспа институтын, Мәскеу тарих, философия және әдебиет институтын тәмамдаған.
73 жыл бұрын (1941) Германия мен Италия АҚШ-қа соғыс жариялады.
68 жыл бұрын (1946) БҰҰ Бас Ассамблеясының шешімі бойынша Екінші дүниежүзілік соғыс барысында балаларға көмек көрсету үшін БҰҰ халықаралық төтенше балалар қоры құрылды. 1953 жылы оның қызметі кеңейіп, атауы БҰҰ балалар қоры болып өзгерді.
14 жыл бұрын (2000)АҚШ-та Acela Express -жолаушылар жүрдек пойыздары тұрақты пайдаланыла бастады. Олар сағатына 240 шақырым жылдамдықты дамытуға қабілетті болды.
ЕСІМДЕР
21 1 жыл бұрын (1803-1869) француз композиторы-романтик, дирижер және музыка сыншысы Гектор БЕРЛИОЗ дүниеге келді.
171 жыл бұрын (1843-1910) неміс бактериологы, Нобель сыйлығының лауреаты, қазіргі заманғы микробиология және эпидемиологиянің негізін салушылардың бірі Роберт КОХ дүниеге келді.
102 жыл бұрын (1912-2007) итальян кинопродюсері Карло ПОНТИ (толық аты-жөні - Карло Фортунато Пьетро Понти) дүниеге келді.
95 жыл бұрын (1919-1995) әнші, музыкатанушы БЕКХОЖИНА Талиға дүниеге келді. Семей қаласында туған. Алматы консерваториясын (Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерватория) бітірген. Қазақ мемлекеттік филармониясының әншісі, Қазақстан Ғылым Академиясының Әдебиет және өнер институтының кіші ғылыми қызметкері болған. Фольклорлық экспедиция құрамында Қазақстанның және Өзбекстанның жергілікті тұрғындары арасынан бұрын белгісіз болып келген 1500-ден астам әндерді нотаға түсірген, халық шығармашылығының орындаушылары жайында деректер жинаған. Ақын әрі композитор Ш.Құдайбердиевтің әндерін құрастырып, кітап шығарған («Аманат», 1989).
92 жыл бұрын (1922) кеңестік спорт түсініктемшісі ОЗЕРОВ Николай Николаевич дүниеге келді.
91 жыл бұрын (1923-1997) заң ғылымының кандидаты, профессор, Қазақстанның еңбек сіңірген ішкі істер қызметкері, генерал-майор БЕЙСЕНОВ Бәрімбек Сәрсенұлы дүниеге келді.
Жамбыл облысының Сарысу ауданында туған. Алматы заң институтын, Қазақстан Ғылым академиясы Философия және құқық институтының аспирантурасын бітірген. 1952-1957 жылдары - Алматы қалалық прокуратурасының тергеушісі, аға тергеушісі. 1960-1964 жылдары - КСРО Ішкі істер министрлігінің Мәскеу жоғары мектебі Алматы бөлімшесінің доценті. 1964-1969 жылдары Қазақ мемлекеттік университетінің доценті, проректоры қызметтерін атқарған. Бейсенов республикадағы алғашқы тәртіп сақшыларын даярлайтын оқу орны - Қарағанды жоғары милиция мектебін ұйымдастырушылардың бірі. 1969-1985 жылдары осы оқу орнының бастығы, кейін сол мектептің Алматы бөлімшесінің оқытушы болды. Ғылыми еңбектері қылмыстық құқықтың, криминалистиканың мәселелерін зерттеуге арналған. Қылмыстық құқықтың білгір-маманы, теоретигі ретінде ол Ішкі істер министрлігі, Жоғарғы сот, Бас прокуратура, Конституциялық сот органдарының, Ғылыми-консультативтік кеңесінің тұрақты мүшесі, Заң қызметкерлерінің Республикалық қауымдастығының вице-президенті болды. Республиканың Қылмыстық Кодексін жасауға қатысты.
84 жыл бұрын (1930-2001) хирург-пульмонолог, медицина ғылымдарының докторы, профессор, КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Қазақстан Республикасының ғылым мен техника саласына еңбек сіңірген қайраткері, Халықаралық Ақпараттану Академиясының академигі ИОФФЕ Лев Цодикович дүниеге келді.
84 жыл бұрын (1930) кеңестік және ресейлік театр және кино актері, Ресей халық әртісі СВЕТИН Михаил Семенович (шын аты-жөні - Михаил Соломонович Гольцман) дүниеге келді.
Алматы қаласында туған. Алматы мемлекеттік медицина институтын бітірген.
1954-1956 жылдары - Целиноград облыстық ауруханасының (қазірігі Ақмола облысы) хирург-дәрігері. 1956-1973 жылдары - Қазақ ғылыми-зерттеу институты клиникалық және эксперименталдiк хирургиясының клиникалық физиология зертхана меңгерушісі, өкпе хирургия бөлім меңгерушісі, аға, кіші ғылыми қызметкері. 1973-1999 жылдары - Қазақ ғылыми-зерттеу институты клиникалық және эксперименталдiк хирургиясының пульмонологиялық хирургия бөлімінің меңгерушісі қызметтерін атқарған. 1999 жылдан бастап Қазақстандағы еврейлер қауымдастығының президенті және Қазақстан халықтар Ассамблеясының мүшесі болған.
Негізгі ғылыми еңбектері пульмонология саласына арналған. Ол жетілдірілген бронхиоскоптың көмегімен өкпе ауруларын диагностикалау әдістерін ойлап тапқан.
1-дәрежелі «Отан соғысы», «Халықтар достығы» ордендерімен, медальдармен, Қазақстан және Қырғызстан Жоғарғы Кеңестерінің Құрмет грамоталарымен марапатталған.
6 6 жыл бұрын (1948-2002) техника ғылымының кандидаты, профессор, Қазақстан Республикасы Инженерлік академиясының коррепондент мүшесі, Қазақстанның еңбек сіңірген қызметкері ЖӘКЕНОВ Ғибадулла Қабышұлы дүниеге келді.
Қарағанды қаласында туған. Қарағанды политехникалық институтын, Мәскеу автомобиль жолдары институтының аспирантурасын бітірген. Қарағанды политехникалық институтының кіші ғылыми қызметкері, аға оқытушысы қызметтерін атқарған. 1979-1992 жылдары - Қарағанды политехникалық институты Жезқазған филиалының аға оқытушысы, кафедра меңгерушісі, директоры. 1992-1996 жылдары - О.Байқоңыров атындағы Жезқазған тау-кен технологиялық институтының ректоры. 1996-1999 жылдары - О.Байқоңыров атындағы Жезқазған университетінің бірінші проректоры. 1999-2002 жылдары Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Жоғары білім беру департаменті директорының орынбасары болған. Ғалымның 70-тен астам ғылыми жарияланымы жарық көрген.
60 жыл бұрын (1954) СЫЗДЫҚОВ Елқайыр Қабылкәрімұлы Қарағанды облысы, Ақтоғай ауылында дүниеге келген.
1975 жылы В.И.Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтын инженер-экономист мамандығы бойынша бітірген. Экономика ғылымының кандидаты.
Е. Сыздықов 1975-1999 жылдар аралығында ірі өндіріс салаларында еңбек жолын «Балқашмыс» өндіріс бірлестігінде қатардағы инженер-экономисінен бастап, бас директорына дейін, одан кейін «Қазақмыс» мемлекеттік холдингі компаниясының бірінші вице-президенті, «Жезқазғантүстіметалл» акционерлік қоғамының вице-президенті және басқа да коммерциялық құрылымдарда жауапты қызметтерді атқарды.
Е.Сыздықов 1999 жылдан бері мемлекеттік және жергілікті басқару органдарында. Ол Қарағанды облыстық әкімдігінің Экономика және кәсіпкерлікті дамыту басқармасының бастығы, Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің аппарат басшысы қызметтерін атқарды. 2011 жылдан бастап Алматы қаласы бойынша Тексеру комиссиясының төрағасы қызметіне тағайындалды.
59 жыл бұрын (1955) Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты - Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі, Қазақстан Республикасы Прокуратураның құрметтi қызметкерi САРПЕКОВ Рамазан Құмарбекұлы дүниеге келді.
Алматы облысында туған. С.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін бітірген.
1982-1989 жылдары - Жанкелдин аудандық прокуратурасының тергеушісі, Торғай (Қостанай) облыстық прокуратурасының ерекше маңызды істер жөніндегі аға тергеушісі, Аманкелді аудандық прокуратурасының тергеушісі. 1989-1997 жылдары - Аманкелді аудандық сотының төрағасы, Торғай (Қостанай) облыстық соты төрағасының бірінші орынбасары, қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы. 1997-1999 жылдары - Қостанай облыстық сотының судьясы, Арқалық қаласындағы аймақтық соттық құрамның төрағасы. 1999-2004 жылдары - Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты. 2005-2006 жылдары - Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі комитеті төрағасының бірінші орынбасары. 2006-2007 жылдары Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Аппарат басшысы және алқа мүшесі қызметтерін атқарған. 2007 жылдың Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты - Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі.
«Құрмет» орденімен, «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 10 жылдығы», «Қазақстан Республикасының Парламентінің 10 жылдығы», «Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесінің 10 жылдығы» мерейтойлық медальдарымен, «Тыңайған жерлердi игерудің 50 жылдығы» медалімен марапатталған.
56 жыл бұрын (1958) БАЙЗАТОВ Талғат Әбілсейітұлы дүниеге келді - ҚР Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік бақылау және ұйымдастыру-аумақтық жұмыс бөлімінің мемлекеттік инспекторы. Жамбыл облысында туған. Қарағанды мемлекеттік университетін экономист мамандығы бойынша тәмамдаған. Еңбек жолын Талас аудандық қаржы бөлімінде аға экономист болып бастаған Талғат Байзатов әскери борышын өтеп келгеннен соң Жамбыл облысында қаржы саласында еңбек жолын қайта жалғастырды. ҚР Қаржы министрлігінде, ҚР Сыбайлас жемқорлықпен күрес жөніндегі мемлекеттік комиссияда, ҚР Қауіпсіздік Кеңесінде, Президент Әкімшілігінде лауазымды қызметтер атқарды. Ал 2005-2006 жылдар аралығында Оңтүстік қазақстан облысы әкімінің орынбасары болды.
51 жыл бұрын (1963) Қарағанды облысындағы Теміртау қаласының әкімі СҰЛТАНОВ Нұркен Ертайұлы дүниеге келді.
Теміртау қаласында туған. 1986 жылы Қарағанды металлургия комбинаты жанындағы Завод-ЖТОО-ны «инженер-металлург» мамандығы бойынша бітірді. Еңбек жолын 1986 жылы Қарағанды металлургия комбинатында домна пешінің көрікшісі болып бастады. Содан кейін домна пешінің газшысы, негізгі өндірістің мастері болып істеді. 1995 жылдан 1999 жылға дейін Теміртау қаласының «Испат-Кармет» АҚ-ның негізгі өндірісінің мастері, домна цехы бастығының орынбасары болып істеді. 1996-2004 жылдары - «Испат-Кармет» ААҚ домна цехы бастығының орынбасары. 2006-2007 жылдары - «Миттал Стил Теміртау» АҚ-ның домна цехының бастығы. 2007-2008 жылдары - «Миттал Стил Теміртау» АҚ комбинат басқармасының бас аглодомнашысы. 2008-2010 жылдары - «Миттал Стил Теміртау» АҚ-ның домна цехының бастығы. 2010 жылдың қаңтарынан бастап Теміртау қаласының әкімі болып тағайындалды.
«Құрмет» орденімен марапатталған.
51 жыл бұрын (1963) Данбай Шухрат Әбдурашитұлы туған.»Павлодар мұнай-химия зауыты» АҚ-ның бас директоры «Томирис» ЖШС, «Казтоммунай» ЖШС, «Гелиос» ЖШС сияқты мұнай газ салаларының ірі компанияларын басқарған. «ПМХЗ» АҚ бас директоры. «Павлодар өңірінің бокс федерациясы» ҚБ президенті, «Ертіс» хоккей клубының президенті, «Нұр Отан» ХДП ПОФ әлеуметтік кеңес бюросының мүшесі. Экономиканың ғылым кандидаты, DBA (іскер әкімшілігінің докторы).
49 жыл бұрын (1965) Мұқанов Қадыржан Орақұлы - ҚР ҰҚК Шекара қызметінің жағалау күзетінің өңірлік басқармасының бастығы дүниеге келді.
Батыс Қазақстан облысында туған. 1988 жылы С. О. Макаров атындағы тынық мұхиты жоғары әскери-теңіз училищесін бітірген. 2003 жылы ҚР ҚК әскери академиясын, 2013 жылы ҚР ҚК бас штабының әскери академиясын тәмамдаған.
38 жыл бұрын (1976) БОТАБЕКОВ Айбек Толеубекұлы дүниеге келген - «KEGOC» АҚ экономика жөніндегі басқарушы директоры.
Қарағандыда туған.1997 жылы Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін бітірген. Еңбек өтілі: «KEGOC» АҚ филиалы бас бухгалтердің орынбасары, бухгалтер, «Орталық МЭС» (1997-1999); «KEGOC» АҚ «Ақмола МЭС» филиалының бас бухгалтері (1999-2003); «KEGOC» АҚ бас бухгалтердің орынбасары, бухгалтерлік есепке алу бөлімінің бастығы, бас бухгалтер (2003-2006); «KEGOC» АҚ қаржы департаментінің директоры, жоспарлау және экономикалық талдау департаментінің директоры (2006-2008); «KEGOC» АҚ атқарушы директоры (2008-2009).
34 жыл бұрын (1980) «Қазгеология» Ұлттық геологиялық барлау компаниясы» АҚ басқарма төрағасы НҰРЖАНОВ Ғалым Жұмабайұлы дүниеге келді.
Жезқазған қаласында туған. С.Н. Байқоңыров атындағы Жезқазған университетін Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін бітірген, тау-кен инженері, экономист.
Еңбек жолын 1999 жылы «Қазақмыс» Корпорациясы» ЖШС-інде үңгуші кенші болып бастады. 2002-2004 ж.ж. - ҚР Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінде Пайдалы қазбалар департаментінің жетекші маманы, бас маманы қызметін атқарды. 2004-2006 ж.ж. - «Dzet Group» ЖШС Астана қаласы бойынша филиалы өндірістік саласының сарапшысы. 2006 жылы Астанадағы «Raising Star Ltd» ЖШС-нің атқарушы директоры. 2006-2007 ж.ж. - «Концерн Найза-Құрылыс» ЖШС-і тау-кен істері бойынша жобалар жетекшісі - бас инженер. 2007-2008 ж.ж. - «Сарыарқа» ӘКК» ҰК» АҚ Пайдалы қазбалар департаменті бас инженері, Қарағанды қаласы. 2008-2010 ж.ж. - «Оңтүстік» ӘКК» ҰК» АҚ Пайдалы қазбалар және жер қатынастары департаментінің директоры . 2010-2011 ж.ж. - «Үшгер» тау-кен - химия компаниясы» АҚ басқарма төрағасының орынбасары. Шымкент қаласы. 2011-2012 ж.ж. - «Сарыарқа» ӘКК» ҰК» АҚ атқарушы директоры. 2012 жылдың қазан айынан бастап «Қазгеология» Ұлттық геологиялық барлау компаниясы» АҚ басқарма төрағасының орынбасары, 2013 жылдың сәуір айынан бастап басқарма төрағасы.