11 жыл ішінде Қазақстанда баланың тууына орай төленетін жәрдемақы 7 есе көбейді
Әлеуметтік қолдаудың аталған түрі еліміздегі туу көрсеткішіне оң әсер етті. Атап айтқанда, жоғарыдағы жәрдемақы енгізілген уақыттан бері бүгінге дейін бала туу 60% артқан. Бұл ретте халықты аталған жәрдемақымен қамту көрсеткіші 2,5 есеге ұлғайды, деп хабарлайды ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің баспасөз қызметінен.
2006 жылдан бері Қазақстанда жұмыс істемейтін әйелдердің бір жасқа дейінгі бала күтіміне төленетін жәрдемақы енгізілді. 2006 - 2015 жылдар аралығында аталған жәрдемақы көлемі 3,7 есеге ұлғайды (алғаш туған балаға - 3 мың 90 теңгеден 11 мың 417 теңгеге, екінші балаға - 3 мың 605 теңгеден 13 мың 498 теңгеге, үшінші балаға 4 мың 120 теңгеден 15 мың 559 теңгеге дейін). Төртінші және одан кейін туған балаларға жәрдемақы 3,8 есеге, 4 мың 635 теңгеден 17 мың 640 теңгеге дейін артты.
2010-2015 жылдар аралығында мүгедек баланы тәрбиелеп отырған тұлғаларға төленетін жәрдемақы 1,5 есеге, 14 мың 952 теңгеден 22 мың 433 теңгеге дейін өсті.
Сондай-ақ, қиын өмірлік жағдайға тап болған отбасыларды (тұлғаларды) қолдау үшін мемлекет тарапынан отбасының әр мүшесіне атаулы әлеуметтік жәрдемақы қарастырылған. 2002-2015 жылдар аралығында аталған жәрдемақының көлемі 2,7 есеге ұлғайды (с 816 теңгеден 2 мың 179 теңгеге дейін).
Қазақстанда 1999 жылдан бастап ҰОС ардагерлері, мүгедектері мен оларға теңестірілген тұлғалар, көпбалалы аналар мен отбасылар, барлық топтағы мүгедектер және т.б., барлығы азаматтардың 20 санатына мемлекеттік арнайы жәрдемақы (МАЖ) төленіп келеді.
Соңғы 17 жылда МАЖ көлемі 7 есеге, 926 теңгеден 6 мың 474 теңгеге дейін артты.
Еске салайық, көрсетілген жәрдемақылардың көлемі айлық есептік көрсеткіш (АЕК) негізінде жыл сайын индекстеліп отырады. 2016 жылы АЕК 2 мың теңге 121 теңгені құрады.