12-14 қарашада Астанада Санкт-Петербор күндері өтеді

14 қарашада «Санкт-Петербор - Астана: стратегиялық және инвестициялық ынтымақтастық» бизнес-форумы аясында іскерлік байланыстар биржасы өтеді, онда Санкт-Петербор пен Астана қалаларының басшыларына әлеуетті серіктестермен жеке іскерлік кездесулер ұйымдастыру мүмкіндігі беріледі.
Сонымен қатар, бұл күндері меймандар Астана индустриалды паркін, денсаулық сақтау мекемелерін, «Көрме» орталығын, сондай-ақ елордадағы мәдени нысандарды аралайды.
Бейбітшілік және Келісім сарайында Санкт-Петербор мемлекеттік орыс оркестрі Астана тұрғындары мен қонақтарына арнап концерт қояды, сондай-ақ, «Петербор симфониясы» және «Сурет өнеріндегі Санкт-Петербор тарихы мен мәдениеті» көрмелері өтеді. Айта кетейік, Астанада ұйымдастырылатын іскерлік бағдарламаға үш тақырыптық дөңгелек үстел енген. Атап айтқанда, «Қаланың тұрғын үй- коммуналдық және өнеркәсіптік кәсіпорындардағы энергия тиімділігін арттыру және энергия тиімділігі технологиялары», «Денсаулық сақтау, медициналық және фармацевтикалық өнеркәсіп: стратегиялық ынтымақтастық», «Мегаполистегі конгресстік-көрмелік қызмет. Санкт-Петербордың "EXPO-2017"-ге қатысуы».
Делегацияны Санкт-Петербор губернаторы Георгий Полтавченко бастап келеді. Сапардың мақсаты Астана және Санкт-Петербор кәсіпорындарының арасындағы экономикалық және мәдени байланыстарды дамыту, әлеуетті серіктестерді іздеуге көмектесу, бірлескен кәсіпорындар мен басқа да ынтымақтастық формаларын құру болып табылады. Бұдан басқа, сапар аясында Санкт-Петербор мен Астана қалаларының арасында сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық, мәдени және гуманитарлық ынтымақтастықтың 2013-2015 жылдарға арналған бағдарламасына қол қою жоспарланған.