12-18 ақпан аралығында Қазақстанның басым аумағында температура төмендеп, ауа райы тұрақсыз болады

АСТАНА. 12 ақпан. ҚазАқпарат - 12-18 ақпан аралығында Қазақстанның басым аумағында температура төмендеп, ауа райы тұрақсыз болады.
None
None

«Қазгидрометтің» болжамына сәйкес, аталмыш уақыт аралығында республиканың барлық өңірлерінде жауындар, ал оңтүстік-батысы мен солтүстігінде бұрқасындатып, күшті желдер тұрады.

Елдің оңтүстік бөлігінде ауа температурасы төмендеп, қар түрінде жауын жауады, көктайғақ болады. Агрометеорологтардың пайымдауынша, ауа-райының бұндай жағдайы күзгі дақылдардың қыстан шығуына қауіп туғызбайды. Дегенмен, қысқы бағындық жерлерде мал жайғауды едәуір қиындатуы мүмкін.

Соңғы жаңалықтар