12:54, 10 Мамыр 2009 | GMT +5
12,9 миллион теңге салық төлеуден жалтарған азамат құрықталды
АЛМАТЫ. Мамырдың 10-ы. ҚазАқпарат - Алматы қалалық экономикалық қылмыстар және жемқорлықпен күрес департаменті мемлекетке 12,9 миллион теңге салық төлеуден жалтарған ЖШС директорын құрықтады,

деп хабарлайды ҚазАқпарат қаржы полициясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Оның үстінен қылмыстық кодекстің 1-ші тармағының 222-ші бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.