12 қаңтар күні Қазақстанда өтетін маңызды шаралар аңдатпасы

АСТАНА. ҚазАқпарат – «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі 12 қаңтар күні астанада өтетін маңызды шаралар аңдатпасын ұсынады.
None

10.00-де ҚР Парламенті Сенатының жалпы отырысы басталады.

10.00-де Астана қаласында КАЗГЮУ Университетінде Оқу-ағарту министрлігінің ҚР Президентінің сайлауалды бағдарламасын іске асыру шеңберінде 2022 жылы атқарылған жұмыс қорытындылары және 2023 жылға жоспарланған міндеттер бойынша кеңейтілген алқа отырысы өтеді. Алқа отырысына ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Алтай Көлгінов, оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев, министрлік өкілдері, педагогтер қатысады.

12.00-де ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде «Мемлекет басшысының шетелдік автокөліктерді заңдастыру жөніндегі тапсырмасын іске асыру барысы және жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету шаралары туралы» баспасөз мәслихаты өтеді. Спикерлер: ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары Лепеха Игорь Владимирович; ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитеті төрағасының м.а. Сұлтанбаев Қайсар Әбілекұлы. Көрсетілім сілтемелері: https://www.youtube.com/user/ortcomkz, https://ru-ru.facebook.com/ortcom.kz

15.00-де «Expo» бизнес орталығында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 2022 жылғы қызмет қорытындылары және 2023 жылға арналған міндеттер бойынша кеңейтілген алқа отырысы өтеді. Отырыс жұмысына ҚР Премьер-министрі Әлихан Смайылов, ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Алтай Көлгінов, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова, сондай-ақ ҚР Парламентінің депутаттары, орталық мемлекеттік органдардың өкілдері, облыстар мен Республикалық маңызы бар қалалар әкімдерінің орынбасарлары қатысады.

19.00-де Барыс-Арена алаңында «Барыс» және «ЦСКА» клубтары ойын өткізеді.

19.00-де Жас көрермендердің музыкалық театрында «Шәмші» мюзиклі көрсетіледі.

19.00-де Қ. Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық-драма театрында «Ләйлі-Мәжнүн» шығармасы қойылады.


Соңғы жаңалықтар