12 қаңтарда ауа райы қандай болады

АСТАНА. KAZINFORM – «Қазгидромет» 12 қаңтарға арналған Қазақстан аумағы бойынша ауа райына болжам ұсынды. 

12 қаңтарда ауа райы қандай болады
Фото: Алина Тулеубаева / Kazinform

Алдағы дүйсенбіде еліміздің көп аймағында жауын-шашын болады деп күтіліп отыр. 

– Қазақстанның көптеген аймағында батыс циклондары мен оларға байланысты атмосфералық фронттардың әсерінен жауын-шашын (жаңбыр, қар), боран және көктайғақ күтіледі, - делінген «Қазгидромет» хабарламасында.

Айта кетейік, республика бойынша тұман түсіп, жел күшейеді. 

Бұдан бұрын 11 қаңтарда елдегі қай жолдар жабық тұрғанын жазғанбыз. 

Соңғы жаңалықтар