20:23, 11 Қаңтар 2022 | GMT +5
12 қаңтарда елордада өтетін маңызды шаралар аңдатпасы
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі 12 қаңтар күні елордада өтетін маңызды шаралар аңдатпасын ұсынады.

8.30-да Үкімет үйінде Үкімет отырысы өтеді.
Күн тәртібінде ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Парламент Мәжілісінде сөйлеген сөзі барысында берген тапсырмаларын іске асыру шаралары және санитариялық-эпидемиологиялық жағдай қаралады.
Отырыстың тікелей таратылымы PrimeMinister.kz сайтынан, Mail.kz, Aitube.kz порталдарынан, YouTube ресми арнасынан, Facebook, Twitter, ВКонтакте әлеуметтік желілерінен көрсетіледі.
10.00-де ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысы өтеді.