12 қараша күні Тараз қаласында лаңкестік салдарынан қаза тапқан тұрғындардың отбасылары қала әкімдігінен миллион теңгеден алды

РАЗ. 16 қараша. ҚазАқпарат /Галина Скрипник/ - 12 қараша күні Тараз қаласында лаңкестік салдарынан қаза тапқан тұрғындардың отбасылары қала әкімдігінен миллион теңгеден алды, деп хабарлайды қала әкімінің баспасөз қызметі.
None
None

Қала әкімі Бекболат Орынбеков қаза болған Вячеслав Федосенко мен Нұрғали Оразбаковтың жақындарына көңіл айтып, материалдық көмек ретінде әр отбасыға миллион теңгеден берді», - дейді қала әкімінің баспасөз хатшысы Олжас Ақылбаев.

Вячеслав Федосенко «Мәке» аңшылық дүкенінде күзетші болып жұмыс істесе, Нұрғали Оразбақов осы дүкеннің сатып алушысы болған.

Естеріңізге сала кетейік, 12 қараша күні Таразда болған жиһад қозғалысының қолдаушысы жасаған қылмыстың нәтижесінде, жеті адам қаза тапқан, соның қатарында екі азаматтық тұлға, бес құқық қорғау органдарының қызметкерлері болды. Ішкі істер органдарының үш қызметкері жарақат алған.

Соңғы жаңалықтар