12 қазан күні астанада өтетін маңызды шаралар аңдатпасы

АСТАНА. ҚазАқпарат – «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі 12 қазан күні елордада өтетін маңызды шаралар аңдатпасын ұсынады.
None

8.30-да Ақордада Қатар Әмірі шейх Тамим бен Хамад Әл Тани мен Түркия президенті Режеп Тайып Ердоғанның мемлекеттік сапары басталады.

9.30-да Орталық сайлау комиссиясында кезектен тыс президент сайлауына кандидаттарды ұсыну қорытындысы туралы отырыс өтеді.

10.00-де ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысы басталады.

10.00-де АҚШ Халықаралық даму агенттігі (USAID) «Кеден қызметтерін цифрландыру: қағазсыз саудаға жол» атты 12-ші Орталық Азия сауда форумын өткізеді.

Бұл шара Zoom-да ағылшын және орыс тілдерінде екі тілге ілеспе аудармамен және YouTube-те тікелей трансляциямен өтеді.

11.00-де EXPO Халықаралық көрме орталығында KazAgro/KazFarm халықаралық салалық іс-шаралары өтеді.

15.00-де The Ritz-Carlton қонақ үйінде «Қазақстан – Қатар инвестициялық ынтымақтастығы» форумы өтеді.

15.00-де Астана қаласы мәслихатының құрылыс, экология, көлік, сауда және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның отырысы өтеді.

Күн тәртібінде «Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының 2020 жылғы 26 тамыздағы №527/71-VI «Нұр-Сұлтан қаласының аумағында сыртқы (көрнекі) жарнаманы үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте, жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде (белдеуінен тыс жерде) орналастыру қағидаларын бекіту туралы» шешімінің орындалу барысы қаралады.

16.00-де Астана қаласы мәслихатының құрылыс, экология, көлік, сауда және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның отырысы өтеді.

Күн тәртібінде «Астана қаласының құрылыс басқармасы» ММ-нің елорданың салынып жатқан әлеуметтік нысандары (білім, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт, мемлекеттік тұрғын үй объектілері) бойынша бюджеттік инвестиция жобаларын іске асыру есебі тыңдалады.

19.00-де «Radisson» қонақ үйінде Қазақстан мен Вьетнам арасындағы қарым-қатынастардың 30 жылдығын мерекелеуге арналған шара өтеді, онда екі ел арасындағы жаңа тікелей аәуе бағытының тұсаукесері өтеді.

19.00-де Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымында «Арқаның ән-күй мұрасы» дәріс-концерті қайтадан өтеді.

19.00-де Астана қаласы филармониясының концерт залында «Мұра» спектаклі қойылады.


Фото: rszaccountancy.co.uk



Соңғы жаңалықтар