12 қыркүйек. Тұлғалар туған күн
Бүгін, 12 қыркүйек күні тұлғалардан кімдер дүниеге келген? Kazinform оқырмандарына есімдер күнтізбесін ұсынады.

ЕСІМДЕР
68 жыл бұрын (1956) ҚР Парламенті Сенаты төрағасының экс-орынбасары Бектас Әбдіханұлы БЕКНАЗАРОВ дүниеге келді.

Жамбыл облысында туған. 1983 жылы Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің заң факультетін бітірген. 2005 жылы «Компьютерлік ақпарат саласындағы қылмыстардың криминологиялық сипаттамасы және алдын алу» диссертациясының тақырыбы бойынша заң ғылымдарының кандидаты ғылыми атағын қорғады.
Еңбек жолы: Жамбыл қаласы Орталық аудандық сотының сот приставы; Жамбыл облыстық атқару комитеті әділет басқармасының кеңесшісі, аға консультанты, 2000-2002 жылдары ҚР Жоғарғы Сотының судьясы, 2009-2011 жылдары Ақтөбе облыстық сотының төрағасы, 2014-2020 жылдары ҚР Парламенті Сенатының депутаты, 2016-2020 жылдары Сенат Төрағасының орынбасары қызметін атқарған.
Көптеген мемлекеттік наградалардың иегері.
53 жыл бұрын (1971) VIII сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі Ерболат Байқзақұлы САУРЫҚОВ дүниеге келді.

Жамбыл облысы Мойынқұм ауданы Фурмановка ауылында дүниеге келген. 1989-1994 жылдары Жамбыл педагогикалық институтын «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша, 2009-2011 жылдары Тараз инновациялық-гуманитарлық университетінде «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша білім алған. Филология ғылымдарының докторы (2010).
Еңбек жолы: Ғылымдағы жолын 1994 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті «Жалпы тіл білімі» кафедрасының ғылыми ізденушісі ретінде бастаған.1995-1998 жылдары әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің күндізгі бөлім аспиранты және Президенттік стипендияның иегері, 1998 жылы білім саласын қаржыландыру бағытындағы Халықаралық СОРОС-Қазақстан қоры грантының жеңімпазы атанды. 1999 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «Түркі тілдері» мамандығы бойынша кандидаттық диссертациясын қорғаған.
1998-2000 жылдары университет жанындағы «Көне түркі жазба ескерткіштері» ғылыми-зерттеу орталығында ғылыми қызметкер және «Жалпы тіл білімі» кафедрасының оқытушысы қызметін атқарған. 2000-2001 жылдары М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті «Қазақ тілі» кафедрасының меңгерушісі болып, осы кезең аралығында ҚР Білім және ғылым министрлігі Мемлекеттік стипендиясының иегері атанды. 2001-2004 жылдары М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің «Тест орталығы» және «Түркология» ғылыми-зерттеу орталығының басшысы қызметін атқарған. 2004-2006 жылдары Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының оқу-әдістемелік жұмыстары жөніндегі проректоры, 2006-2010 жылдары А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Тараз институтында «Құқықтану және тарих», «Филология» факультеттерінің деканы, институт директорының ғылыми жұмыстар және халықаралық байланыстар жөніндегі орынбасары қызметін атқарған. 2010 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті «Жалпы тіл білімі» кафедрасының жанындағы диссертациялық кеңесте түркі тілдерінің тарихы бағыты бойынша докторлық диссертациясын табысты қорғап, филология ғылымдарының докторы ғылыми атағын иеленді. 2011-2012-жылдары Тараз инновациялық-гуманитарлық университетінің бірінші проректоры қызметін атқарған. 2012-2022 жылдары Ш.Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз инновациялық институтының ректоры қызметінде болды.
Қазіргі қызметін 2023 жылдан бері атқарып келеді.
«Құрмет» орденімен, мерейтойлық медальдармен марапатталған.