12 қыркүйек. ҚАЗАҚПАРАТ КҮНТІЗБЕСІ: АТАУЛЫ КҮНДЕР, ОҚИҒАЛАР, ЕСІМДЕР

12 қыркүйек. ҚАЗАҚПАРАТ КҮНТІЗБЕСІ: АТАУЛЫ КҮНДЕР, ОҚИҒАЛАР, ЕСІМДЕРАСТАНА. 12 қыркүйек. ҚазАқпарат - ҚазАқпарат оқырмандарына 2014 жылғы 12 қыркүйекке арналған күнтізбесін ұсынады.
None
None

12 қыркүйек, ЖҰМА ЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР Бүгін - Қазақ киносының күні. 73 жыл бұрын (1941) Қазақ КСР Халық комиссарлары кеңесінің №762 қаулысына сәйкес, Алматы киностудиясы құрылды. 16 жыл бұрын (1998) Алматы қаласында ақын, ғалым, қоғам қайраткері Ахмет Байтұрсыновтың ескерткіш-бюсті мен мұражай үйінің ашылу салтанаты өтті. 13 жыл бұрын (2001) ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев еліміздің Премьер-министрімен және күш-қуат ведомстволарының басшыларымен кездесіп, Қазақстан аумағындағы АҚШ азаматтарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы есептерін тыңдады. 5 жыл бұрын (2009) Алматыда қазақ және орыс тілдерінде «Алматы тарихы» атты кітаптың 1,2-томдары, «Алматы энциклопедиясы», «Жетісудың ортағасырлық астаналары», «Алматы - мың жылдық тарих» атты шығармалардың таныстырылымы өтті. Кітаптарды Ұлттық Ғылым Академиясының Марғұлан атындағы Археология, Сүлейменов атындағы Шығыстану, Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институттарының мамандары бірлесіп дайындаған. Туындыларда түрлі дерек көздері негізге алына отырып, қаланың ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейінгі түйінді сәттері жаңа көзқараста тұжырымдалып жазылған. 5 жыл бұрын (2009) Алматыда «Асыл Алма» атты сыйлықтың таныстырылымы болды. Сыйлықтың ұйымдастырушысы - Алматы қаласының әкімшілігі, Алматы салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы, «Via Concordia» коммуникация агенттігі және салауатты өмір салтын қалыптастыру мамандарының қауымдастығы. Сыйлық үш номинация бойынша тапсырылады: «Компания қызметкерлерінің денсаулығын қорғауға қосқан үлесі үшін», «Тұрғындар арасындағы салауатты өмір салтын қалыптастыруға қосқан үлесі үшін», «Әлеуметтiк мағынасы бар аурулармен күресуге қосқан үлесі үшін». Жеңімпаздарға «Асыл Алма» құрмет белгісі, мүсіншесі, грамота және диплом табыс етіледі. Конкурсқа Алматы қаласында тіркелген барлық коммерциялық және коммерциялық емес ұйымдар қатыса алады. 5 жыл бұрын (2009) Семей қаласындағы Достық үйінде татар тілін үйрететін жексенбілік мектеп ашылды. Жексенбілік мектеп заманауи оқулықтармен, тілашарлармен және сөздіктермен жеткілікті қамтамасыз етілген. ЕСІМДЕР 105 жыл бұрын (1909-1976) Қазақстандағы бірінші сәулетші, Қазақстанның еңбек сіңірген құрылысшысы, КСРО Сәулет академиясының корреспондент мүшесі БӘСЕНОВ Төлеу Құлқаманұлы дүниеге келді. Ақтөбе облысы Шалқар ауданында туған. Санкт-Петербор азаматық-инженерлер институтын бітірген. Бәсенов Қазақстанда қазіргі архитектуралық мектептің негізін салып, Сәулетшілер одағын ұйымдастырушылардың, саулет саласындағы алғашқы ғалым-педагогтардың бірі. 1933-1937 жылдары Жамбылда, Алматыда, Қырғызстанда қызметтер атқарды. 1937-1941 жылдары - Алматы қаласының бас сәулетшісі. 1944-1954 жылдары - Қазақ КСР Министрлігі Кеңесі жанындағы сәулет басқармасының бастығы. 1958-1976 жылдары Құрылыс істері жөніндегі мемлекеттік комитеті төрағасының орынбасары қызметтерін атқарған. Бәсенов Алматы қаласының бас жоспарын, Мәскеудегі халық шаруашылығы жетістіктері көрмесіндегі Қазақстан павильонын, Алматыдағы Достық даңғылының бас жобасын, Алматы әуежайының бірінші кешенін, Қазақ опера және балет театрының үйін, Амангелді ескерткішінің жоспарын, тұрғын үйлерді жобалау жұмыстарын кәсіби шеберлікпен орындап шықты. Батыс Қазақстан сәулет ескерткіш зерттеп, Ембі, Маңғыстау, Үстірт аймақтарындағы мемориалды-ғұрыптық тарихи құрылыстардың ерекшеліктеріне ғылыми талдау жасады. Бәсеновтың «Сам аймағындағы архитектуралық ескерткіштер», «Қазақстан архитектурасындағы өрнектер», «Архитектура және қала құрылысы», тағы басқа еңбектері жарық көрген. 1997 жылы Қазақ мемлекеттік сәулет және құрылыс академиясының үздік студенттеріне Т.Бәсенов атындағы диплом тағайындалған. 66 жыл бұрын (1948) биші, Қазақстанның халық әртісі, София қаласында өткен Жастар мен студенттердің дүниежүзілік фестивалінің лауреаты ТАЛПАҚОВА Гүлжан дүниеге келді. Атырау қаласында туған. Алматы эстрада-цирк өнері студиясын Ш.Жиенқұлованың халық биі класы бойынша бітіріп, Мәскеу эстрада студиясында тәжірибе жинақтаудан өткен. 1967 жылдан «Қазақконцертте», «Гүлдер» ансамблінде қызмет еткен. Ол дүние жүзі халықтарының көпшілігінің билерін үйреніп, қазақ сахнасына шығарған. Оның репертуарында қазақтың «Айжан қыз», «Қос алқа», «Алмас қырғауыл», өзбектің «Хорезм биі» және ұйғыр, корей, вьетнам, моңғол, үнді, мысыр, малай халықтарының ұлттық билері бар. Гастрольдік сапармен Болгарияда, Германияда, Моңғолияда, Оңтүстік Шығыс Азия елдерінде (Бирма, Малайзия, Сингапур, Шри Ланка), Үндістанда, Жапонияда, Иранда, Тайландта, Финляндияда, АҚШ-та болған. 65 жыл бұрын (1949) дүниежүзіне, Кеңес Одағына белгілі конькиден мәнерлеп сырғанаушы РОДНИНА Ирина дүниеге келді. Ол Мәскеуде туған. Дене шынықтыру орталық институтын тәмамдаған. И.Роднинаның стилі мәнерлеп сырғанауда ерекше із қалдырды. Ол шексіз еңбекшілдігімен, шеберлігімен, жоғары кәсібилігімен, мұздағы шығармашылық тапқырлығымен ерекшеленді. КСРО-ның, Еуропаның, әлемнің бірнеше дүркін чемпионы, Олимпиада ойындарының чемпионы И.Роднина конькиде өзін өте еркін сезінетін. Оның ойынсеріктері 1968-72 жылдары Уланов, 1973 жылдан бастап Зайцев болды. АҚШ-тың Лейк-Эрроу қаласында орналасқан халықаралық мәнерлеп сырғанау орталығында жаттықтырушы болып қызмет атқарған. И.Роднинаның есімі Гиннесс кітабына енген. Қазір ол жаттықтырушылық қызмет атқарады. 59 жыл бұрын (1955-2003) қазақ жазушысы, журналист КІРІСБАЕВ Бейсебай дүниеге келді. С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін (қазіргі әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті) бітірген. 1980-1982 жылдары - республикалық «Білім» қоғамының баспа бөлімінде кіші редактор. 1982-1985 жылдары - «Қазақстан пионері» газетінің әдебиет және өнер бөлімінде. 1985-1992 жылдары - «Балдырған» журналының бөлім редакторы. 1992-2003 жылдары бас редактордың орынбасары қызметтерін атқарған. «Тамшы» атты алғашқы жинағы 1979 жылы «Жалын» баспасынан жарық көрген. 1982 жылы «Алты әзілкеш» атты ұжымдық жинаққа топтама өлеңдері енген. «Аппақ бақ-бақ», «Адамша кел», «Ықылық», «Жаңылтпаштар» кітаптарының авторы. 58 жыл бұрын (1956) Сенатор БЕКНАЗАРОВ Бектас Әбдіханұлы дүниеге келді. Жамбыл облысының Жуалы ауданында туған. 1983 ж. - С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін заңгер-құқықтанушы мамандығы бойынша бітірген. 1978-81 жж.- Жамбыл қаласындағы Орталық ауданының халықтық сотында сот орындаушысы. 1981-84 жж. - Жамбыл облысы әділет бөлімінің консультанты, аға консультант. 1984-90 жж. - Жамбыл облысы Жуалы аудандық халықтық сотының судьясы. 1990-94 жж. - Жамбыл облыстық сотының мүшесі. 1994-95 жж. - Жамбыл облыстық соты төрағасының орынбасары. 1995-97 жж.- Жамбыл облыстық соттың қылмыстық істер жөніндегі алқасының төрағасы. 1997-02 жж. - Жезқазған облыстық сотының төрағасы, Алматы облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі алқасының төрағасы. 2000-02 жж. - Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Соттардың қызметін ұйымдастыру департаментінің директоры, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының судьясы. 2002-06 жж. - Атырау облыстық сотының төрағасы. 2006-09 жж. - Алматы қаласындағы мамандандырылған қаржылық сотының төрағасы. 2009-11 жж. - Ақтөбе облыстық сотының төрағасы, ҚР Жоғарғы сотының төрағасы қызметтерін атқарған. Мерекелік медальдармен, құрмет грамоталарымен марапатталған. 55 жыл бұрын (1959) Ақтөбе облысы әкімінің бірінші орынбасары КЕМАЛОВА Роза Кеңесқызы дүниеге келді. Ақмола облысының Макинск қаласында туған. Білімі - жоғары. Алматыдағы халық шаруашылығы институтын бітірген. Институтты бітіргеннен кейін өз еңбек ісін Мемлекеттік Банктің Торғай облыстық кеңсесінде экономист болып бастаған. 1981 жылдан 2008 жылдар аралығында Ақтөбе, Атырау қалаларында, Ақтөбе облысының аудандарының мекемелерінде және мемлекеттік органдарында әр түрлі лауазымдарда болған. 2005 жылы қаңтардан 2008 жылы қараша аралығында - облыстың кәсіпкерлік және өндіріс басқармасының бастығы. 2008 жылы қарашадан бастап, Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалды. 2014 жылдың 28 маусымынан бері қазіргі қызметінде. 54 жыл бұрын (1960) «Самұрық-Қазына Келісім-шарт» ЖШС бас директоры ЕЛШІБЕКОВ Серікбек Кеңесбекұлы дүниеге келді. Шымкент қаласында туған. Алматы халық шаруашылығы институтын бітірген, экономист. 1981-1989 жылдары мамандығы бойынша сауда мекемелерінде, «Главриссовхозстрой» тресінде экономист, бас экономист болып қызмет атқарды. 1989-1990 жылдары - Қазақ КСР Мелиорация және су шаруашылығы министрлігінің өндірістік-экономикалық басқармасында бас экономист.1990-1992 жылдары ҚР Қаржы министрлгіінң шаруашылық есептегі аудиторлық орталығында бас бақылаушы-тексеруші, бөлім бастығы. 1992-1994 жылдары - «Қазақстанаудит-Коспек» АҚ аудиторлық және консультациялық қызмет басқармасының бастығы. 1994-1997 жылдары - «Қазақстанаудит-Коспек» БК бас директоры. 1997-1999 жылдары - «Қазақконсалтинг» ҰАК президенті. 1999-2002 жылдары - ҚР Мемлекеттік кіріс министрлігінің әкімшілендіру департаментінің директоры. 2002-2004 жылдары - ҚР Қаржы министрлігінің Салық комитеті төрағасының орынбасары. 2004-2006 жылдары - «ҚазақТрансОйл» АҚ бас директорының экономика және қаржы жөніндегі орынбасары. 2006-2008 жылдары - «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ аппарат жетекшісінің орынбасары. 2008-2012 жылдары - «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ басқарушы директоры, бизнесті қолдау жөніндегі бас менеджері. 42 жыл бұрын (1972) «Алматы қаласының аймақтық қаржы орталығы» АҚ басқарма төрағасының орынбасары ЖАЗЫҚБАЕВ Ерлан Әлібекұлы дүниеге келді. Алматы қаласында туған. Қазақ мемлекеттік сәулет-құрылыс академиясын, Қазақстандық менеджмент, экономика және болжау институтын бітірген. 1999 жылдан - «Қазақтелеком» АҚ мәліметтерді беру желісі дирекциясының бас экономисі, корпоративтік қаржыландыру бөлімінің бастығы, , жобалық қаржыландыру департаменті директорының орынбасары, директоры. 2007 жылдан - «Визор холдинг» ЖШС жобаларды басқару жөніндегі директоры. Қазіргі қызметінде - 2010 жылғы қазаннан бері. 39 жыл бұрын (1975) ЕурАзЭҚ Кеден одағы техникалық реттеу, санитарлық, ветеринарлық және фитосанитарлық шаралар саласындағы саясат департаменті директорының орынбасары СҮТЕМГЕНОВ Дәулет Болатұлы дүниеге келді. С.Сейфуллин атындағы Ақмола аграрлық университетін бітірген, ғалым-агроном. 1997 жылдан ауыл шаруашылығы саласы ұйымдары мен кәсіпорындарында мамандығы бойынша қызмет атқарды. 2000-2002 жылдары - «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ААҚ бас маманы. 2002-2005 жылдары - «Эксперт-Консалтинг» ЖШС директоры. 2005-2007 жылдары - ҚР Индустрия және сауда министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитетінің басқарма бастығы. 2007 жылы - «Қазақстандық стандарттау және сертификаттау» РМК бас директорының орынбасары. 2007-2008 жылдары - «Еуразиялық консалтинг консорциумы» ЖШС директоры. 2008-2010 жылдары - ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ЖШС бас директорының орынбасары. 2010-2011 жылдары -ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің «Қазақстандық стандарттау және сертификаттау институты» РМК бас директорының орынбасары. Қазіргі қызметінде - 2011 жылғы мамырдан бері. 112 жыл бұрын (1902-1976) бразилиялық мемлекеттік және саяси қайраткер, 1956-1961 жылдардағы Бразилия президенті Жуселину КУБИЧЕК ДИ ОЛИВЕЙРА дүниеге келді. 98 жыл бұрын (1916-1996) кеңестік және ресейлік театр және кино актері, КСРО халық әртісі ГЕРДТ Зиновий Ефимович (шын аты-жөні - Залман Афроимович (Эфраимович) Храпинович) дүниеге келді. 93 жыл бұрын (1921-2006) поляк жазушысы, философ, көркемсөзші, футуролог, қазіргі заманғы фантастика классиктерінің бірі ЛЕМ Станислав дүниеге келді. 70 жыл бұрын (1944) орыс скрипкашысы, дирижер, қоғам қайраткері СПИВАКОВ Владимир Теодорович дүниеге келді.

Соңғы жаңалықтар