12 қыркүйек күні Астанада өтетін маңызды іс-шаралар аңдатпасы

10.00-де Рэдиссон қонақ үйінде БҰҰ Тұрақты даму саммиті қарсаңындағы дипломатиялық корпус өкілдері қатысуымен брифинг өтеді.
11.00-де Silteme баспасөз клубында «Байтақ» жасылдар партиясы «Атом энергетикасы – салиқалы шешімдер» тақырыбында баспасөз конференциясын өткізеді.
14.00-де Sheraton Astana Hotel қонақ үйінде ҚР Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты Корея Республикасының Қазақстандағы Елшілігімен бірлесіп, «Корея өнеркәсібін дамыту тәжірибесін Қазақстанның болашағын пайымдауда қолдану мүмкіндіктері мен шектеулері» тақырыбында семинар ұйымдастырады.
15:00-де Үкімет үйінде кезекті Үкімет отырысы өтеді.
Күн тәртібінде 2023 жылғы қаңтар-тамыз айларындағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары және республикалық бюджеттің атқарылуы, IT саласын дамытудың жаңа міндеттері қаралады.
15.00-де ҚР Президенті жанындағы орталық коммуникациялар қызметінде «Қазақстандағы эстетикалық топтық гимнастиканы дамыту және Алматы қаласында өтетін әлем чемпионатына дайындық» атты баспасөз мәслихаты өтеді.
Спикерлер: Алматы қаласы спорт басқармасының басшысы Хайруллин Ерден Рашидұлы (ZOOM арқылы); Қазақстанның эстетикалық топтық гимнастика федерациясы президенті Бектұрғанова Мадина Мұхамедқызы; Қазақстанның эстетикалық топтық гимнастика федерациясы вице-президенті Арпабаева Әйгерім Еркімбекқызы.
Көрсетілім сілтемелері: youtube, facebook.
19.00-де Жас көрермендердің музыкалық театрында Мұқағали Мақатаевтың шығармашылығына арналған «Ғашық жүрек» поэтикалық-музыкалық қойылымы өтеді.