12 қыркүйек. Тұлғалар туған күн

АСТАНА. ҚазАқпарат – Бүгін, 12 қыркүйек тұлғалардан кімдер дүниеге келген? ҚазАқпарат оқырмандарына есімдер күнтізбесін ұсынады.

12 қыркүйек. Тұлғалар туған күн

ЕСІМДЕР

66 жыл бұрын (1956) ҚР Парламенті Сенаты төрағасының экс-орынбасары Бектас Әбдіханұлы БЕКНАЗАРОВ дүниеге келді.

Жамбыл облысында туған. 1983 жылы Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің заң факультетін бітірген. 2005 жылы «Компьютерлік ақпарат саласындағы қылмыстардың криминологиялық сипаттамасы және алдын алу» диссертациясының тақырыбы бойынша заң ғылымдарының кандидаты ғылыми атағын қорғады.

Еңбек жолы: Жамбыл қаласы Орталық аудандық сотының сот приставы; Жамбыл облыстық атқару комитеті әділет басқармасының кеңесшісі, аға консультанты; 2000-2002 жылдары - Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының судьясы; 2009-2011 жылдары - Ақтөбе облыстық сотының төрағасы; 2014 жылғы 17 тамыздан 2020 жылғы 28 тамызға дейін - Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты; 2016 жылғы қыркүйектен 2020 жылғы 28 сәуірге дейін - Сенат Төрағасының орынбасары.

Көптеген мемлекеттік наградалардың иегері

63 жыл бұрын (1960) «Самұрық-Қазына Контракт» ЖШС бас директоры Серікбай ЕЛШІБЕКОВ дүниеге келді.

Шымкент қаласында дүниеге келген. Алматы халық шаруашылығы институтын бітірген (1987), экономика ғылымдарының кандидаты.

Еңбек жолы: әртүрлі жылдары Қазақ КСР Мелиорация және су шаруашылығы министрлігінде бас бақылаушы-ревизор, ҚР Қаржы министрлігі консультациялық-сараптамалық қызмет басқармасының бастығы қызметтерін атқарды. «Қазақстанаудит-Қоспек» бірлескен кәсіпорнының бас директоры: «Қазақконсалтинг» ҰАК президенті (1997-1999); Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрлігі департаментінің директоры, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Салық комитеті төрағасының орынбасары қызметтерін атқарды (1999-2004); «ҚазТрансОйл» АҚ бас директорының экономика және қаржы жөніндегі орынбасары (2004-2006); «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ Президентінің кеңесшісі, басшының орынбасары және басқарушы директоры (2006-2012).

2014 жылдан бастап «Самұрық-Қазына Контракт» ЖШС бас директоры қызметін атқарып келеді.

41 жыл бұрын (1982) Батыс Қазақстан облысы құрылыс басқармасының басшысы Әлібек Сайынұлы АНТАЗИЕВ дүниеге келді.

Атырау қаласында туған. М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетін аудармашы мамандығы бойынша, Батыс Қазақстан инженерлік-гуманитарлық университеті құрылыс мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолы: әртүрлі ұйымдарда менеджер, жетекші, жоба жетекшісі қызметтерін атқарған (2003-2008); «ОблТрансГаз» МКҚК жетекші инженері, Атырау (2008-2009); Атырау облысы энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасының жоспарлау-келісімшарт бөлімінің бас маманы, Атырау қаласы (2009-2011); құрылыс бөлімінің өндірістік-техникалық секторының меңгерушісі (2011-2012), құрылыс басқармасының тұрғын үй құрылысы мониторингі бөлімінің бастығы (2014-2015), құрылыс бөлімінің өндірістік-техникалық бөлімінің бастығы (2015-2016 ж.ж.) , құрылыс бөлімі бастығының орынбасары (2016-2019 ж.ж.) Орал қаласы құрылыс басқармасының басшысы (2019 жылдан бастап).

33 жыл бұрын (1990) «AMANAT» партиясының атқарушы хатшысы Дәулет Жамаубайұлы КӘРІБЕК дүниеге келді.

Жамбыл облысында туған. 2012 жылы Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін «саясаттану» мамандығы бойынша бакалавриатын 2014 жылы магистратурасын, 2018 жылы PhD докторантурасын бітірген.

Еңбек жолын Астана қаласының Алматы ауданы «Jas Otan» Жастар қанаты төрағасының бірінші орынбасары болып бастаған.

Әр жылдары Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Сот сараптамасы орталығының инспекторы, «Jas Otan» Жастар қанаты филиалының аппарат басшысы, Nur Otan партиясы жанындағы «Jas Otan» Жастар қанатының менеджері, «Jas Otan» Жастар қанаты хатшылығының ұйымдастыру-аумақтық жұмысы бөлімінің сарапшысы, Nur Otan партиясы жанындағы «Jas Otan» Жастар қанатының хатшылық басшысы, атқарушы хатшысы, төрағасы болды, Қазақстан Республикасы Президенті Қ.К.Тоқаевтың сайлауалды штабының «Team Qazaqstan» жастар қанатын басқарды.

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы қызметін атқарған.

Nur Otan партиясы Нұр-Сұлтан қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары лауазымында қызмет атқарды.

2021-2022 жылдары Жамбыл облысы әкімінің орынбасары.

Президент жастар кадр резервінің құрамында, Nur Otan партиясы Саяси Кеңесі Бюросының мүшесі.

30 жыл бұрын (1993) Семей қаласының «Елімай» клубының футболшысы, жартылай қорғаушысы Еркебұлан Сабырұлы НҰРҒАЛИЕВ дүниеге келді.

Семейде туған.

Футболдағы мәнсабын 2009 жылы «Спартак» (Семей) клубының құрамында бастады. 2015 жылы ол павлодарлық «Ертіс» сапында 8 кездесу өткізген. 2016 жылы Алтайға қоныс аударған. 2017 жылдың ақпан айында «Оқжетпес» клубымен (Көкшетау) келісімшартқа отырды. Сол жылдың шілдесінде ол Болгарияның Жоғарғы лигасының «Верея» клубында жарты жыл келісімшертпен ойнады. 2018 жылдың қаңтарында Қазақстанға оралып, «Ақжайық» (Орал) командасына қосылды. Одан кейін Қарағандының «Шахтер» (2019-2020), «Каспий» (2020 және 2022), «Ақтөбе» (2021) командаларында өнер көрсетті. 2023 жылдан бастап қайтадан «Елімай Семейде».